“Музыка” пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы

Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің «Музыка» пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді, – деп хабарлайды Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметі.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің ақпараттық материалдарында мектепте «Домбыра тартуды үйрену» атты жаңа пәннің енгізілетінін айтқан. Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 1-6 сыныптарға оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны. Яғни, егер қажетті ресурстар бар болса, 6-сынып оқушылары «Музыка» пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий