Заңды білу – заман талабы

Ата Заң – азаматтық құқығыңды қорғайтын негізгі төлқұжат. Заңи тұрғыдан сауатты, білімді болу аса маңызды. Осы турасында 26 тамызда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мен Конституцияны жатқа білемін» байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясын ұлығылау, құқықтық сауаттылықты арттыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, азаматтарды, оның ішінде жастарды ынталандыру және мадақтау болып табылады.

Ата Заңымызды жастар арасында дәріптеуге, ел халқының бірлігі идеясын көтеруге, еліміздің басты Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, облысымыздың жоғары және арнаулы орта орындарының құқықтану мамандығына түсетін талапкерлері мен оқып жүрген студенттеріне білім грантын алуға ықпалдасатын атаулы конкурс дәстүрлі түрде алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы конкурсқа барлығы 40 адам өтінім қалдырып, ақтық кезеңде жиырма үміткер қатысып, бақ сынады.

Байқауға қатысушылардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау  мақсатында 20 сұрақтан тұратын  компьютерлік тестілеу мен Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарын мәнерлеп жатқа айтудан тұратын екі кезеңнен сүрінбей өткен жеңімпаз университеттің білім грантына ие болады. Екінші кезеңде ҚР Конституциясының 98 бабының ішінен кездейсоқ таңдалған біреуін толық әрі дұрыс жеткізген жауап ескеріледі.

Байқау сарапшыларының қатарында болған Атырау облысы Полиция департаменті, Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Гүлім Аманжанқызы Аманжанова, Атырау қалалық сотының судьясы Лаура Есмағзомқызы Лұкпанова, Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Злиха Елубайқызы Таласбекова, Азаматтық-құқықтық пәндер кафедарасының меңгерушісі Үздік Хамиқызы Идресова конкурс қатысушыларының жұмыстарын бағалай отыра, жеңімпазды анықтады.

Байқаудың қорытындысымен екі кезеңде де жоғары нәтижеге қол жеткізген Құқықтану мамандығының 2 курс студенті Медетова Мөлдір Болатқызы жеңімпаз атанып, білім грантын иеленді. Жастарға қолдау көрсету әрі Конституциямыздың мәртебесін құрметтеуге бағытталған аталмыш конкурс жалғасын таба берері сөзсіз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий