Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі

Көкшетауда аймақ басшысы Ермек Боранбайұлы Маржықпаев және ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» Ақмола облысының педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Көкшетау қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің «Bolashaq Saraiy» 2021 жылғы 25 тамыз дәстүрлі тамыз кеңесінің қатысушыларын қарсы алды. Іс-шараның мақсаты еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылында қазақстандық білім берудің негізгі басымдықтарын талқылау болып табылады.

Тамыз конференциясына ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Мурат Балпан, Акмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, республикалық, облыстық мемлекеттік ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Еліміздің ведомствоаралық комиссиясының шешімі бойынша жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте дәстүрлі форматта басталады.

Барлық білім беру ұйымдарында білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық шаралар қабылданатын болады. – Өткен оқу жылында пандемиядан туындаған білім мен ғылым саласындағы жағымсыз салдарды біршама азайтуға мүмкіндік беретін титаникалық күш-жігер жұмсалды. Енді қазақстандық білім беру сапасын одан әрі арттыру және олқылықтарды толықтыру бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет. Ғалымдар білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыру процесі бір жылға, мүмкін екі жылға созылады деп болжап отыр, – деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.

Пленарлық бөлімнің жұмысында кадрларды даярлау кезінде бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық, еліміздің және облыстың білім беру жүйесін дамыту перспективалары мәселелері қарастырылды. «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, өңірге бес жыл ішінде 38 мектеп салу және 470 мектепті жаңғырту міндеті қойылды. Ағымдағы жылдың өзінде 10 жаңа мектеп нысаны пайдалануға беріледі, 94 мектеп жаңғыртылады, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Пленарлық отырыс облыстың педагогикалық қоғамдастығының үздік өкілдерін «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен және 100 мың теңге сомасындағы ақшалай сертификаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды. Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша 2021 жылдың үздік педагогтері мен үздік білім беру ұйымдары ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий