Шолпан Каринова: Колледждерге оқу пәндерінің жиырма пайызын қашықтан өткізуге рұқсат беріледі

Колледждерге оқу пәндерінің жиырма пайызын қашықтан өткізуге рұқсат беріледі, – деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі бүгін ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

– Еліміздің 795 колледжінде 470 мыңға жуық студент білім алатын болады. 1 курстарға 150 мыңнан астам студент келеді деп күтілуде. Колледждердің жобалық қуаттылығы оқуды штаттық форматта жүргізуге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу пәндерінің 20 пайызын қашықтан өткізуге рұқсат етіледі, – деді ол. Оның айтуынша, колледждерде зертханалық, практикалық сабақтар және өндірістік практика штаттық режимде өткізілетін болады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий