Атыраулық педагогтердің жергілікті тамыз кеңесіне облыс әкімі мен республикалық салалық құрылымдардың басшылары қатысты

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Бибігүл Асылова, «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымдарының басқарма төрайымы Күләш Шәмшиденова, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығы өкілдері мен ардагер ұстаздар онлайн форматта қатысты. Конференция кезінде өткен оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылындағы білім берудің негізгі басымдықтары талқыланды.

Сонымен қатар облыстың білім саласындағы мәселелер мен қол жеткізген табыстары сөз болды. Педагогикалық кеңесте облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев жаңа оқу жылының басты ерекшеліктеріне тоқталып, оқу жүйесінде іске асатын басты жобаларды атап айтты. Басқарма басшысы басымдыққа ие мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, білім алушылардың бойында жиырма бірінші ғасыр дағдыларын дамыту, сапалы ТжКБ-ге қол жеткізу секілді бағдарламалардың облыс аумағында жүзеге асырылуымен және алдағы жоспарларымен таныстырды.

Биылғы оқу жылының басты ерекшелігі – «Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы. Облыс әкімінің тапсырмасымен қолға алынған бұл бағдарламаның аясында 2021 жылғы сәуір айынан бері кешенді жұмыстар қырқынды жүргізіліп келеді. Отырыс барысында аталған жол картасы шеңберінде атқарылған іс-шаралар, алдағы меже туралы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова көпшілікке толық ақпарат берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий