“ZIYATKER” мектебіне атыраулық ауыл балалары көптеп тартылады
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев тамыз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. – Жаңа оқу жылында Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназия базасында жоғары сынып оқушыларына арналған «ZIYATKER» облыстық мектебі ашылады. Болашақта озық халықаралық тәжірибелерге негізделген бұл мектепке ауыл балалары көптеп тартылатын болады, – деді ол.

Сондай-ақ, жол картасы аясында балалар мен ата-аналар қарым қатынасына бағытталған “Оқушылардың сау саламаты” жобасына Атырау қаласындағы 16 мектеп енгізілді. Жобаға енген он алты білім ордасы қауіпсіз орта, ата-ана мен бала ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін “Берік отбасы” бағдарламасымен қамтылады.
Загрузка...