Қостанай облысындағы үздік педагогтерге құрмет көрсетілді

Тамыз кеңесі шеңберінде дәстүрлі түрде жергілікті білім беру қызметкерлері марапатталады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жергілікті бес педагогке төс белгілерін табыстады. Сонымен қатар, облыстың мектептері мен колледждері арасындағы “Үздік білім беру ұйымы” облыстық конкурсының жеңімпаздарына 34 миллион теңгеден екі сертификат берілді, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылы “Қазақстан агротехникалық колледжі” КМҚК және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай ауданы білім бөлімінің Мичурин жалпы білім беретін мектебі” КММ жеңімпаз атанды. «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің сегіз жеңімпазы 300 АЕК – 875 100 теңге сертификаттарымен марапатталады. Олар конкурстың соңғы кезеңінде  өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

Өңірлердегі тамыз кеңесі аясында барлығы 300 астам педагог марапатталатын болады (315). Облыстың 11 педагогы «Еңбек ардагері» (1), «Ы. Алтынсарин» – (5), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (5), 159 мұғалімнің еңбегі Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған, 145 педагог облыстық деңгейдегі грамоталарға ие болады. Шектеу шараларына байланысты марапаттар облыс өңірлеріндегі салтанатты іс-шаралар барысында педагогтарға берілетін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий