Академия оқушысы: Білім әлемінің үздігі болуға әр кез дайынбыз

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ұйымдастырылған дәстүрлі тамыз конференциясында академияның 11-сынып оқушысы Мадина Қожабалуан сөз сөйледі, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

“Елбасы медалі” жобасының жеңімпазы ретінде оқушылар атынан шыққан Мадина педагогтер қауымына алғысын білдірді. – Менің туып өскен өлкем – Атырау жері, әйгілі дарындылар шыққан киелі өлке. Біз осындай киелі өлкеде туған ерекше ұрпақпыз. Соның айғағы – Республикалық, Халықаралық олимпиада, байқауларда жеңімпаз атанып, облысымыздың, еліміздің мерейін асқақтатып жүрген замандастарымызбен мақтанамын. Мен секілді оқушылардың білімін шыңдап, жан-жақты дамытып, таланттарды анықтап, үнемі қолдап отыратын Атырау облысы әкімдігіне, білім беру басқармасына оқушылар атынан рахмет айтамын! Біз әлі де, Атыраудың намысын қолдан бермей, білім әлемінде үздік атанып, дарындылар додасында дара шауып, туған өлкеміздің даңқын елімізге паш етуге дайын екенімізді сіздерге жеткіземін, – дейді жас өрен.

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы оқушысының жалынды сөздері көпшілік көңілінен шықты. Айта кетелік, Мадина Қожабалуан – Кіші өнер академиясы “актерлік шеберлік” мамандығының 11-сынып оқушысы. Өнер мен білімді қатар ұштастырып жүрген дарабоз дарынымыз республикалық орыс тілі пәні олимпиадасының жеңімпазы, Елбасы медалі жобасының Амбассадоры және биылғы «Халық сүйіктісі» премиясының «Жас Дарын» номинациясының иегері. Сонымен қатар республикалық, халықаралық сайыстар мен фестивальдардың лауреаты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий