Ата Заңды құрмет тұту – басты парызымыз

Құрметті әріптестер! «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!

Конституция тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды. Олай болса, Ата Заңды құрмет тұту – баршамыздың басты парызымыз болмақ. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Әр шаңырақтың береке-бірлігі артып, келешегі кемел болсын! Ата Заңның қасиеті мен ғибраты ұрпақтан ұрпаққа жалғассын! Білім саласын өркендету жолындағы еңбегіміз жеңісті де жемісті болсын! Конституция күні құтты болсын, құрметті әріптестер!
Ізгі ниетпен,
Сәулеш Дімкешқызы МҰҚАНОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Қарағанды облысы
бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика
ғылымдарының докторы