Павлодар жас ақындарының ұлы Абай додасындағы жетістіктері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тамыз айының 24-27 күндері аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІ республикалық «Абай оқуларын» ұйымдастырды, – деп хабарлайды  «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының баспасөз қызметі.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты биыл да конкурс онлайн форматта ұйымдастырылып, ZOOM платформасының көмегімен және app.ogylyg.kz cайтында өткізілді. Сонымен қатар, алты бағыт бойынша оқушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталыққа шақырылып, қатысты. Павлодар облысынан республикалық шараға облыстық кезеңінің 6 жеңімпазы қатысты.

Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз поэзиялық туындарын оқу) бағытында Екібастұз қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысына Қайдаров Бексұлтан (мұғалімі Сейтова К.А.) бірінші дәрежеді диполом табысталды. Екінші әрежелі дипломдарымен: «Абайдың қара сөздері» бағытында Екібастұз қаласы №33 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Алтынбек Айшабибі (мұғалімі – Абдыкадырова А. М.) марапатталды.

«Ұлылар әлемі» (эссе жазу) бағытында – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Төлеубай Ұлжан (мұғалімі – Слямбекова Қ. С.) және үшінші дәрежелі диплом «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу) бағытында – Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Нүптеке Иманғалиға (мұғалімі – Дусупова А.А.) берілді. Ұйымдастыру комитеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлық табыстады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий