Дарынды балаларды қолдау бағытында жүйелі және кешенді шешімдер әзірленуде

Халықаралық Олимпиада жүлдегерлерімен бейресми кездесу өткіздім. Биыл ірі халықаралық жарыстарда оқушыларымыз 26 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 13 күміс және 11 қола. Нәтижесінде соңғы жылдардағы рекорд жаңартылды, – деп жазады Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Кездесуге қатысқан балалар жеңіске жету жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты, сонымен қатар сұрақтарына жауаптар алды. Оқушылармен және жаттықтырушылармен олимпиадалық қозғалысты алдағы уақытта одан әрі дамыту бағыттарын талқыладық. Биыл олимпиаданың республикалық кезеңі жаңа электрондық форматта өтті. Сондай-ақ академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында жаңа шаралар қабылданды.
 
Жаттықтырушылар мен мектеп оқушылары осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша қосымша шаралар ұсынды. Дарынды балаларды қолдау мәселесіне келетін болсақ, қазіргі таңда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сай министрлік бұл бағытта жүйелі және кешенді шешімдер әзірлеп жатыр. Кездесу соңында Олимпиада жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен бірге біз жаттықтырушылардың еңбегін де атап өттік.
 
Бұған дейін менің атымнан 3 мың дарынды баланың ата-аналарына Алғыс хаттар жіберілген болатын. Мен олимпиада қатысушыларының мұғалімдеріне, ата-аналары мен жаттықтырушыларына тағы да алғыс айтқым келеді. Сіздердің мұндай нәтижелерге қол жеткізуде еңбектеріңіз орасан зор. Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі оқушыларымыздың биік белестерді одан әрі бағындырып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты деңгейде танытуларына жағдай жасауды жалғастыратынын атап өткім келеді, – деп қорытындылаған еліміздің бас педагогы өзінің кезекті жазбасын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий