Семей – НЗМ: Мектепішілік тамыз кеңесі ұйымдастырылды

Алдағы жаңа оқу жылын Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қашықтан емес қалыпты оқытумен бастайды. Дегенмен, санитарлық талаптар қатаң жағдайда сақталатын болады. Ұстаздар мен оқушылардың денсаулығын басты назарға алған мектеп кезекті оқу маусымына қажетті дайындықтарды жүргізді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі мектепішілік тамыз кеңесінде осы мәселелерден өзге білім, тәрбие салаларымен қатар білім мекемесінің даму жоспары жайлы да ақпараттар берілді. Тамыз кеңесін құттықтауымен ашқан мектеп директоры Бағдан Қайыржанов өткен оқу жылының қиындықсыз өтпегендігін, соған қарамастан жеткен жетістігіміздің аз емес екендігін тілге тиек етті. Елеулі еңбектерімен ерекше көзге түскен  бір топ ұстаздарды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ Корея Бизнес мектебінің Алғыс хаты да табысталды. Мектебімізге жаңадан қабылданған мамандарға сәттілік тілеген мектеп директоры алдағы оқу жылының былтырғыдан да табысты боларына сенім білдірді. «2021-2022 оқу жылында мектептің дамуы үшін бағалау нәтижелерін қайта қарау» жайлы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қайырханова, тәрбие жұмысы жүйесінің ерекшеліктері туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Абылкасимова, мектепті дамытудың негізгі басымдықтары жайлы директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Р.Қайыркеновалар өз баяндамаларын ортаға салды.

Тамыз кеңесі одан әрі әрбір әдістемелік бірлестіктерде секциялар жұмысымен жалғасты. Ұстаздар онда мектептің 2020-2021 оқу жылындағы қызметіне жиынтық талдау, дамудың негізгі бағыттары,  оқу -әдістемелік жазу,  2021-2022 оқу жылына арналған мектеп / ӘБ даму жоспары жайлы ой бөлісті. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий