Педагог мәртебесінің мәні мен маңызы

Педагогикалық еңбек жолымда алдымда отырған әрбір бүлдіршінге, педагог – әріптестеріммен биылғы Тәуелсіздіктің мәнін түсіндіруге, оның мағынасын ашуға ешқашан жалықпаймын. Сол сияқты үйдегі балаларыма, немерелеріме әрбір нәрсенің еңбекпен келетінін жеткізіп отырамын. Тарих – бұл дастан, келешек ұрпақ парақтап ашатын кітап.

Қазіргі жиырма бірінші ғасырда жастардың болашағы бағытталған түрлі технологияларды көргенде көп ізденуді талап ететінін түсінемін. Олай, дейтін себебім – мектепке дейінгі ұйымдар арасында, орта мектептерде жоғары оқу орындарымен теңесетін ақпараттар желісі күн санап артуда. Осының бәрін меңгеру педагог – маманға, әсіресе балабақша тәрбиешілеріне, яғни, маған баланың үнін тыңдау, ата – ананың көңілін табу, өзімнің тәрбие саласындағы еңбегімді шығармашыл тұрғыда шыңдау үлкен мәртебе.

Мәртебе демекші, еліміздегі 2020 жылы қолға алынған «Педагог – мәртебесі» туралы Заңы педагог пен баланың, педагогпен ата – ананың көзқарасын жақсартатын, шынайы сыйластыққа бастау  болар тұжырымдама деп қабылдаймын. Еліміз дербес ел болып қаланып, болашақ ұрпақтың жарқын келбетін қалыптастырудың түп қазығы әрине, тәрбиеде. Ал, тәрбиені бала екі жақты ұштастырып берік етуге үйде ата – ана, балабақшада тәрбиеші, мектепте ұстаз жауапты болмақ. Ендеше, қазіргі таңдағы ұстаз мәртебесі қандай?

Бұл сауал сан тарапқа жол ашады. Сонымен ұстаз деген жан – ең бастысы адамгершілікті, сыпайы, жинақы, жан- жақты, білімді, шығармашыл болуы керек. Ол дегеніміз, қазақ айтады  «қыздың жиған жүгіндей», «оймақтай үріп ауызға салғандай» деген  теңеулер әлбетте осы ұстаздар қауымына, жас келін ұстаздарға, олардың пысықтығына жинақылығына, әдептілігіне сәйкес айтылған ұғым деп білемін. 

Қазіргі педагогика саласындағы кез келген ұстазға,  яғни, ол тәрбиеші болсын, ол мектепте бастауыш мұғалімі немесе жоғарғы сыныптарда  пән мұғалімі қала берді, жоғарғы оқу орнындағы педагог – ұстаз болсын, ең бірінші ұстаным – болашақ ұрпақтың тәрбиесіне мән беру.  Әл – Фараби  атамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей, біз осы ұғымды балаларға жіті түсіндіре отырып, оларды өткен ата – бабаларымыздың қанатты сөздерімен, нақыл сөздерімен, керемет мақал мен мәтелдердің мән – мағынасын ашып, түсіндіріп, алға ұмтылу үшін армандай білуге жетелеуіміз қажет.

Ал, қоғам алдындағы ұстаз мәртебесі – болашақ ұрпақтар тәрбиелі болғанда ғана көрініс табады, – деп білемін. Себебі, қарапайым өмірде біздің  балаларымыз өз ұстазын  сыйлап, құрметтеп, жол беріп тұрса, ол ұстаз мәртебесінің жоғарылығы. Ал, кейбір балалар ұстазы келе жатып, оны көрмегендей кейіп танытып, басқаша көрініс көрсетсе, ол, әрине керісінше ұстаз мәртебесінің төмендігін байқатады. Дегенмен де бұл ойға қатысты келісіп- пішіп бір пікір айтуға келмейді. Себебі,  ұстаздарда әртүрлі, балаларға әртүрлі.

Осы педагог – ұстаз атына сай із қалдырамын деген  ұстаз бар, кейде уақытты өткіздім, жалақымды алсам – деген  педагог болуы да ғажап емес. Сондықтан ойымды қорытындылай келе, кім болсақ та өзімізден жасы кіші болашақ ұрпақтарға ұлағатты ұстаз, дұрыс тәлім – тәрбие  бере білетін ата – ана болайық!

Акмарал Ахметовна САЛЫКОВА,
“Күншуақ” бөбекжай –
балабақшасының
тәрбиешісі, Алматы облысындағы Іле
ауданының 
Мұхаметжан Түймебаев  ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий