Ақмола облысы: “Бояулар құпиясы” жас суретшілер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жуырда жергілікті дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың бастамасымен «Бояулар құпиясы» облыстық жас суретшілер байқауы сырттай ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазылар алқасы Ш. Уәлиханов атындағы КУ-дің, Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің білікті мамандарынан құралды. Жас суретшілер байқауына аймақтың сегіз ауданы мен Көкшетау қалаларынан 37 білім алушыдан 40 жұмыс келіп түсті. Байқау екі жас санатында (10-13 жас және 14-17 жас) келесі номинациялар бойынша өткізілді. «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» жас суретшілер көрмесі: классикалық кескіндеме; авангард және эксперименталды кескіндеме; «Менің Отаным – Қазақстан» (еркін тақырып).
Жас суретшілер байқауының номинациялары: «Коллаж» номинациясы; «Бояулар құпиясы» номинациясы; «Сүйікті кітабымның иллюстрациясы» номинациясы. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарды иеленді: «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» жас суретшілер көрмесінде: 1 орын – Житниковская Виктория– Зеренді ауданы, Ақкөл а. ЖОББМ (10-13 жас санаты); 1 орын –Устинова Яна – Аршалы ауданы, Аршалы кентінің БЖШО (14-17 жас санаты); 1 орын –Трисеева Надежда – Целиноград ауданы, «Жас Шабыт» БЖШО (14-17 жас санаты).

Екінші орын – Зозуля Стефания –Көкшетау қаласы, №11 МГ (10-13 жас санаты); 2 орын – Қайырлы Аэлун – Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy (10-13 жас санаты); 2 орын – Мухамбаева Жузым – Астрахан ауданы, Астраханка а.БЖШО (14-17 жас санаты); 3 орын – Деменева Евгения – Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ (10-13 жас санаты); 3 орын – Реутская Евгения – Аршалы ауданы, №2 АОМ (14-17 жас санаты); 3 орын – Нұржан Сабина – Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (14-17 жас санаты).
«Коллаж» номинациясында: 1 орын – Көшек Инабат – Жақсы ауданы, «Оқушылар үйі» КММ (10-13 жас санаты); 2 орын – Радзевич Анастасия – Зеренді ауданы, Еленовка ОМ (10-13 жас санаты); 3 орын – Хавар Алина – Жақсы ауданы, Подгорное ауылының ЖББМ (10-13 жас санаты); 3 орын – Энграф Виолетта – Аршалы ауданы, №2 АОМ (10-13 жас санаты).

«Бояулар құпиясы» номинациясында: 1 орын – Курмаш Асемгуль – Жақсы ауданы, Жақсы а.№2 ЖББМ(10-13 жас санаты); 1 орын – Марченко Лиана – Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (14-17 жас санаты); 1 орын –Абраамян Софья–Сандықтау ауданы, Мәдениет ауылының ОМ (10-13 жас санаты); 2 орын – Трисеева Надежда – Целиноград ауданы, «Жас Шабыт» БЖШО (14-17 жас санаты); 2 орын – Сундукова Екатерина – Бурабай ауданы, «Арман» БЖШО (14-17 жас санаты); 3 орын – Дадаев Абуталип – Сандықтау ауданы, Красная поляна ауылының ОМ (14-17 жас санаты); 3 орын – Мухамбаева Жузым – Астрахан ауданы, Астраханка а.БЖШО (14-17 жас санаты).
Загрузка...«Сүйікті кітабымның иллюстрациясы» номинациясында: 1 орын – Грошикова Влада– Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy (14-17 жас санаты); 2 орын – Репина Дарья –Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі (14-17 жас санаты); Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Олардың жетекшілеріне Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табысталады. Бұдан бөлек барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.