Қостанай облысы: Жетістіктер қоржынындағы жиырма сегіз жүлделі орын

Мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша облыс қоржынында жиырма сегіз жүлделі орын бар. Оқушыларымыз 7 бірінші (физика, химия, география, Қазақстан тарихы, құқық негіздері және өзін-өзі тану), 9 екінші және 12 үшінші орындарды иеленді, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Республикалық жүлдегерлер қатарында Қостанай қ. оқушыларымен бірге – Қостанай, Федоров, Сарыкөл аудандарының, Лисаков және Арқалық қалаларындағы жоғары сынып оқушылары (1 медальден) ерекше көзге түсе білді. Командалық есепте облыс ҚР-да үшінші орынға ие болды. Республиканың үздік 100 олимпиадалық мектебінің ішінде 13-ші орынды иеленген «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары халықаралық деңгейде жеңіске жетуде.

Жас ғалымдарды қолдау мақсатында облыста алғаш рет «Жас ғалым.kst» құрамына жеті негізгі іс-шара енді. Солардың бірі- «Озат» жазғы академиясы» бірегей жобасы, ол ауылдық өңірлердегі балаларға IT-технологияларды үйренуге мүмкіндік берді. Осы бастама қолданып, еліміздің мектептерінде енгізілуде.

Педагогтер де қалатын емес. Өткен оқу жылы облыстың 12 үздік педагогы еліміздің оқушылар үшін телевизялық сабақтардың түсіріліміне қатысты. Оның ішінде Гаппаров Жахонгир Абдразакович, «Озат» ДБМ физика пәнінің мұғалімі, Герр Татьяна Олеговна, Жітіқара ауданы Забелов ОМ математика пәнінің мұғалімі, Құрманаев Алишер Алтынбекұлы, Қостанай ауданы Константиновка ОМ химия пәнінің мұғалімі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий