“Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!”

Осындай ұранмен Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа оқу жылын бастады. Карантин уақытындағы дәстүрлі оқу форматы ерекше. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күнінде барша мектеп қауымы асыға күткен алтын ұя мектебіне қайта оралды. Осылайша сыңғырлаған қоңырау үні бірінші рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған 7-сынып оқушыларымен бірге табысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.



Биылғы жылы ҚР Президентінің «Өркен» грантын жеңіп алған 119 өрен Зияткерлік мектеп оқушылары қатарына салтанатты түрде қабылданды. Осылайша, Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 680 оқушы жаңа оқу жылына қадам басты. Білім күніне арналған «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты шарада мектеп директоры Ринат Жұмабаева – оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. “Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!” ұранын ұстана отырып, мектеп ұжымы мен оқушыларды осы карантин уақытында ауызбіршілік пен қамқорлыққа шақырды.

Осылайша, барлығымыз вирусқа төтеп беріп, оны жеңе аламыз деп айтты. Алғашқы қоңырауды соғу құрметі белсенді оқушы, «Ерекше аттестатқа” үміткер 12А сынып оқушысы Алихан Курмагалиев пен конкурстық іріктеуден ең жоғары балл жинаған 7А сыныбының оқушысы Мәлика Нукеноваға берілді. Салтанатты жиыннан кейін кабинеттерде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сабақтар және Қауіпсіздік ережелері сабақтары өтті. Сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекесі баршаларыңызға құтты болсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий