Ақмола облысында дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-интернат өз есігін айқара ашты

Щучинск қаласында ІТ мектеп-лицейінің базасында дарынды балаларға арналған «IT Білім-инновация-лицейі» ашылды. Білім ордасында 7-11 сынып оқушылары қазақ және орыс тілдерінде білім алатын болады, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«ІТ БИЛ» мектебінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова және «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров қатысты. «ІТ Білім-инновация» лицейінде сапалы білім алу үшін заманауи материалдық-техникалық базасы бар мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған химия, биология және физика зертханалары, ІТ кабинеттері, робототехника кабинеттері, ал сабақтан тыс жұмыстар үшін домбыра және шахмат сыныбы, бассейн бар.

«Білім-инновация» мектептерінің миссиясы – дарынды балаларды қолдау және дамыту, тәуелсіздік пен сыни ойлауды ашу, елдің шынайы патриотын тәрбиелеу. IT БИЛ білім беру бағдарламасының басты міндеті – информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануды белсенді зерделеу кезінде оқушылардың жеке, шығармашылық және зерттеу қабілеттерін дамыту. Ауыл немесе қала оқушысы болғанына қарамастан, ең жақсылары іріктеленіп алынады.

Жетінші сыныпқа түсу кезінде тілдерді үйренуге бейімділік жасалады, 8-сыныпта балалар ІТ бағыты, робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша сабақтардан өтеді. Әрі қарай, оқушы профильмен анықталады және оқыған сабақтардың ішінен өзі үшін бір нақты бағытты таңдайды. Ал 10-11 сыныптарда таңдалған дайындық бағыты бойынша жобалармен жұмыс істейді және ІТ-бағытты терең оқып, зерттеу ісімен айналысады.

Болашақта, мектеп оқушыларының алдында заманауи технологияларды оқыту, жақын және алыс шетелдердің жетекші IT-университеттері мен компанияларында тәжірибелер мен тағылымдамалардан өту, ең озық бағдарламалар мен технологиялармен жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер ашылады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий