Атырау «Kundelik» жүйесінің күміс батырмасын иеленді

Біздің аймақ «Күнделік» электрондық журналы бойынша өткен оқу жылының қорытындысымен үздік үштікке еніп, «Күміс» батырма иеленді, — деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

— «Күнделік» электрондық журналы бойынша білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, оқу жылы ішінде жақсы нәтиже көрсетті. 2020 жылғы қыркүйектің 20-25-і аралығындағы республикалық рейтингтің алғашқы нәтижесінде қызыл белдеуде 15-орында тұрған Атырау облысы оқу жылының қорытындысымен үздік үштікке еніп, «Күміс» батырма иеленді. Ал, Bilim Land білім ресурсын қолдану жөнінен республика бойынша Атырау облысы үшінші орын иеленді, — дейді өңірдегі салалық құрылымның жетекшісі Сатқан Есенғалиев.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий