Білімге апарар жол…

Еліміздегі болған төтенше жағдай азаматтардың әдеттегі өмір салтын өзгерткені барлығымызға белгілі. Бүкіл әлемде ушығып тұрған эпидемиялық төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту мәселесіне көшуге тура келді. Мұғалім мен оқушы  алшақ отырып, яғни қашықтан жұмыс жасады. Қашықтан оқыту – бұқаралық ақпарат құралдары мен ғылыми тәсілдерді қолдану арқылы білім берудің бір түрі.

Қашықтан оқыту – бұл компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген білімді қабылдаудың бір түрі; оқу үрдісінде дәстүрлі және инновациялық әдістерді  қолдануға тура келді. Мен өзім дәріс беріп отырған білім алушылардың лайықты білім алуын қамтамасыз ету оңай жұмыс болмады.  Білім және ғылым министрлігінде қысқа  мерзімде жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім беру жүйесінің үлгісін әзірлеп мектептерге ұсынды.  «Біз көрші елдердің тәжірибесі мен эпидемия кезінде оқу үдерісін ұйымдастырудың уақытша шараларын енгізетін халықаралық тәжірибені зерттеп, білім алушылар үшін телебағдарлама әзірленіп, ұсынылды.

Мектебімізде бастауыш сыныптарда кезекші сынып құрылып, мектепте санитарлық қауіпсіздік  шаралары қатаң сақталып, сабақтың басталу және аяқталу уақытын белгілеген сабақ кестесімен жұмыс жасалынды. Сыныбымдағы оқушылар саны 15 баладан аспай оқытылып, әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары  ұйымдастырылып, оқушылар мен педагогтердің дене қызуын мектеп медбикесі мектепке кірген бетте күн сайын өлшеп, оқу кабинетінде оқу үстелдерінің ара қашықтығы 1 метрден орналастырылып оқытылды. Сабаққа келу және сабақ арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта белгіленіп ұйымдастырылды.  

Ата-ана өтініштері бойынша білім алушылар онлайн және оффлайн форматта білім алды. Мектеп мұғалімдері онлайн, форматта оқытуға дайын бола білді. Онлайн режімде білім алудың қиындығы да сол – оқытушымен тікелей жұмыс жасаудың қажеттігі. Оффлайн оқытудың онлайн оқытудан ұтатын ең маңызды тұсы – оқушымен жақын қарым-қатынас орнатып, тікелей сөйлесуге, табиғи байланыс жасауға мүмкіндік бар. Дәріс беретін ұстаз қасыңыздан табылып, бәрін түсіндіруге және сізден түсінген дүниені қайта айтып беруді талап етеді

Қашықтан оқытуды барлығы — қолайсыздық, тәртіп пен үлгерімге зияны тиеді деп ойладым. Мен өзім үшін қашықтан оқудың көптеген артықшылықтарын аштым. Бұл әр оқушымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі. Қашықтан оқыту технологиясы әркімнің жағдайына бейімделуге көмектесті. Кейбір білім алушылар басқа сыныптастарының алдында белсенді жұмыс істеуге ұялып, өзінің қабілетін тиісінше көрсете алмайды.Осы тұстарының ашылуына септігін тигізді.

Сонымен қатар мектебіміздің мұғалімдері жаңа технологияларды игеруге толықтай мүмкіндік алды. Интерактивті оқыту платформаларын, Google Docs, электронды жұмыс дәптерлерін және бейнеконференцияларға арналған сервистерді пайдалану мүмкіндігі мұғалімнің еңбек нарығындағы құндылығын арттырды. Өз уақытын ұйымдастыру, қашықтықтан жұмыс жасау, оларды қашықтықтан бақылау және ынталандыру дағдылары одан да құнды болды. Мен өзім үшін алғаш рет ZOOM және Bandicam, ShotCut сияқты платформаларды аштым.

Бәріміз білетін WhatsApp та, біз ойлағаннан әлдеқайда функционалды екен.Тағыда бір артықшылығы — ойын тапсырмалары. Өйткені, қашықтықтан оқыту формасы цифрлық технологияларды өте белсенді қолдануды қамтиды. Оның ішінде геймифицирленген тапсырмалар. Бұл онлайн ойындар, музыкалық қосымшалар, викториналар, тапқырлыққа арналған интерактивті тапсырмалар. Кез- келген бала үшін ойын әлемді танудың ең табиғи тәсілі екенін ұмытпайық.

Бар жан-тәнімен сабаққа берілген бала сабақта отырып, жалыққан балаға қарағанда көп нәрсені меңгереді.. Өзіміз білетіндей, , жаңа оқу жылында  білім алушылар  дәстүрлі форматта білім алуға көшкелі отыр. Сондықтан аталған кемшіліктердің орны толады деп сенемін, Өйткені, жаңа ғасыр адамзаттан өзінің кәсіби мансабындағы барлық өзгерістерді біліп, білімдерін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Жаңа оқу жылынан бастап, 1-сынып білім алушыларына «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табысталғанын білеміз. 

Менің ойымша, шын жүрегіңізбен қалап, ұмтылсаңыз, сіз кез-келген жағдайға бейімделе аласыз. Ең бастысы — инновациялардың артықшылықтарын таба отырып, содан кейін қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік алуға болады. Биылғы жаңа оқу жылы құтты болсын дей отырып, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын дейміз.

Лира ЗАРИПОВА,
Ақкөл жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мүғалімі, Атырау
облысының Құрманғазы ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий