Артында ұстаздық өшпейтін ізін қалдырған, абзал азамат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы Орта білім институты Дидактика зертханасының меңгерушісі Әкімжан Әбдіхалықұлы Сайлыбаевқа бауыры ардақты ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры БАҚЫТЖАН ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ САЙЛЫБАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтады, – деп хабарлайды осы академияның баспасөз қызметі.

Бақытжан Әбдіхалықұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры, облыстық білім басқармасының басшысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры болып қызмет етіп, еліміздің білім беру саласына, Сыр өңірінде білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосты.

Текті жанұядан шыққан Бақытжан Әбдіқалықұлы бар ғұмырын өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге арнап, жауапты қызметтерді адал және іскерлікпен атқарып, ел алдында биік абыройға, зор құрметке бөленді. Артында ұстаздық өшпейтін ізін қалдырған, абзал азамат Бақытжан Әбдіхалықұлының жаны жәннаттың төрінде болсын! Асыл бейнеңіз мәңгі жадымызда қалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий