Атырау облысы: Жиырма педагог басшылықтан үміткер

Жергілікті орта білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервіне арналған «Білім берудегі менеджмент: мектеп қызметін басқару» курсын аяқтаған педагогтерге сертификат табыстау жиыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл шараға «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшиденова, облыстық білім беру басқармасының жетекшісі Сатқан Есенғалиев, курсты аяқтаған тыңдаушылар, ПШО филиалының тренерлері мен облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері қатысты. Арнайы курс биылғы мамыр-шілде айлары аралығында «Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» аясында жүргізілген болатын. Курсқа өңірдің 40 педагогы қатысып, білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша арнайы әзірленген бағдарламамен біліктіліктерін арттырды.

Тыңдаушыларға курсты табысты аяқтағаны туралы сертификат сабаққа қатысу, модульді қорытындылау бойынша тест/практикалық тапсырма нәтижесі, мектептегі екі практика, құрылымдалған эссе негізінде ұсынылды. Төрт критерий бойынша 90 пайыздан жоғары нәтижеге қол жеткізген жиырма тыңдаушыға орта білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервіне ұсынылғаны туралы сертификат табысталып, жетпіс пайыздан астам нәтижені иеленген  20 тыңдаушыға кадрлық резерв курсын тәмамдағаны жөніндегі құжат берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий