“Абай оқулары”: Республикалық байқауда ақмолалық оқушылар жүлделі болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ZOOM платформасы арқылы 8-11 оқушыларына арналған ХХІІ республикалық Абай оқулары ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларның классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан қатысты. Аталмыш байқауда біздің аймақтан бес оқушы бақ сынады. Байқаудың қорытындысы нәтижесінде ІІ дәрежелі дипломмен «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Сабитова Меруерт – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы маратталды.

Үшінші дәрежелі дипломмен «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Төлеубай Райымбек – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы марапатталды. Грамотаға ие болған оқушылар: «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Рашит Султана − Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.

“Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Башарова Дарига – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы; «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Нуртаза Диас – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы. Байқаудың барлық жеңімпаздарын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий