Кәсіподақ – еңбек адамымен бірге

Білім – адамзат баласының асыл қазынасы саналып келеді. Бұл бағытта біліктілік танытып, білім беруде аянбай қызмет атқарған ұстаздар қауымының еңбегі ерекше. Екі жылға жуық уақытта оқушыларға қашықтан білім беріп, сапа үшін үздіксіз қызмет атқарған педагогтер білім ордаларына оралып, жаңа оқу жылын бастады.

Ұстаздардың жағдайымен танысу үшін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов Еңбекшіқазақ ауданына іссапармен барды. Онда Д.Қонаев атындағы орта және Азат негізгі мектептерінің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Құлмұханұлы ұстаздар қауымының жаңа оқу жылымен құттықтап, жақында жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауына тоқталды. Білім саласында олқылықтар мен оң өзгеріс жайында баяндады.

Ұстаздардың жаңа оқу жылында апталық жүктемелерінің дұрыс бөлінуі, жалақының есептелу барысы сияқты мәселелерді нақтылап,  педагог мамандығына сұраныс артқанын жеткізді. Енді білім саласы қызметкерлерінің біліктілік санаты 3 жыл сайын өтілетінін айтып, ұстаздарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Ал, облыстық ұйымның төраға орынбасары Болат Тұрысбеков кәсіподақтың атқарып жатқан жұмыстарына шолу жасап, ұстаздардың мәртебесін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды көпшілікке таныстырып, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Шарада ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен Светлана Морозова, Раушангүл Жапарова;  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының белгісімен Лаззат Нарманова, Раушангүл Құрбанова; Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен Светлана Дәулетова, Гүлинұр Ниязова марапатталды. Сонымен қатар облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ орталығы және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет  грамотасы бірқатар кәсіподақ белсенділеріне табыс етілді.

Жиынға қатысушы ұстаздардың атынан Д. Қонаев атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Светлана Дәулетова сөз алып, «Білім күні» мен «ҚР Конституция күні» мерекелері қарсаңында көрсетілген барлық құрметті жоғары бағалап, барша кәсіподақ өкілдеріне алғысын білдірді.

Алматы облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий