Баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін -өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт  және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы бейіндік лагері жұмыс жасайды.

2021 жыл 1-14  маусым аралығында  №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің ұйымдастыруымен дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған «УникУм»  бейіндік лагері өткізілді. Бейіндік лагерь келесідей бағыттар бойынша жұмыс істеді: математика, информатика, физика, география, химия, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі,әлеуметтік зерттеулер, шығармашылық зияткерлік және  ҰБТ дайындық. Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту, тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін логикалық ойлау, оқушыларды әртүрлі білім салаларымен таныстыру, олардың көкжиегін кеңейту, таңдалған ғылымды тереңірек зерттеуге ынталандыру.

Мұғалімдер балалармен жұмыс барысында дарынды балалардың оқу мотивациясын арттыруға, алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне қолдана алуға,өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулуға ерекше көңіл бөлді. Әр бейінді пән бойынша қызығушылықты арттырып, тақырыптарды терең білуге бағытталды. Пәндерге негізделген олимпиадалық тапсырмалары орындап, шығармашылық, зияткерлік бағытындағы іс-әрекет формалары түрлендірілген жұмыстар ұйымдастырылды.

10-11 сынып білім алушыларымен ҰБТ дайындық жұмысы жүйелі жүргізілді.Бейіндік жазғы лагерь жұмысының нәтижесінде балалар демалысын мәнді әрі мазмұнды, пайдалы әрі әсерлі шаралармен тиімді ұйымдастыруымен  өткізе білді. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Замзагуль БЕКНИЯЗОВА,
№2 Ертіс жалпы орта білім беру
мектебі директорының ғылыми
әдістеме жөніндегі орынбасары,
Павлодар облысының Ертіс ауданы 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий