Павлодар NIS-тың жас геологтары Халықаралық IESO-2021 Олимпиадасында қола медальға ие болды

Ағымдағы жылдың 25-30 тамыз аралығында дәстүрлі жас геологтардың Халықаралық олимпиадасы болып өтті. «IESO 2021» (International Earth Science Olympiad) – метеорология, мұхиттану, геология, геофизика, астрономия салаларын қамтитын халықаралық байқау 2007 жылдан бастап өткізіледі. Қазақстан жас геологтардың командасы IESO байқауына 2015 жылдан бастап қатысып келеді, – деп хабарлайды Павлодар қаласындағы зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы Қазақстанның құрама командасында 6 қатысушы болды. Олардың ішінде Павлодар қаласы ХБН НЗМ-нің оқушылары Айгерим Болатбекқызы (12А сынып), Кайрат Макым (12В сынып) және Болат Касымхан (Назарбаев Университетінің студенті). Айта кетерлігі, XIV Жер туралы ғылымдардың халықаралық олимпиадасы қашықтық форматта өтті.

Байқау нәтижесі бойынша жас геологтар өз білімдерін сынап, жеке есепте 2 қол медальға қол жеткізді. Павлодарлық зияткерлер халықаралық аренда сәтті өнер көрсетіп, 3 орынды жеңіп алды. Дүбірлі додаға қатысқан оқушылардың жаттықтырушылары Конкышев К.С және Касымова А.М.болды. Олар зияткерлерді барынша дайындап, жаттықтырды. Олимпиада қатысушысы Айгерим Болатбекқызы байқаудан алған әсерімен бөлісті. ⠀

– IESO 2021 қатысу – осы жаздың ұмытылмас оқиғасына айналды. Жазғы уақытта 5 қатарынан таңғы 7-де оянып, бүкіл әлем оқушыларының қатысуымен өтетін зум конференцияларға қатысатынмын. Мен Mission to Mars, ESP and NTFI сияқты жарыстарда өз бағымды сынап көрдім. Әрқайсысының орны бөлек. Олардың ішінде Жер туралы ғылымдар жобасымен басқа мемлекеттердің қатысушыларымен жұмыс істеген көбірек ұнады. Ойын шарты бойынша біз 30 сағаттың ішінде «Пандемия және қоршаған орта» деген презентацияна жасауымыз керек болды. Олимпиада қашықтық форматта өткенімен, мен үшін өте қызықты және есте қаларлықтай болды, – дейді Айгерім. Халықаралық олимпиаданың мақсаты – ⠀30 елден жиналған жас геологтардың басын біріктіру болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий