Ақтөбе облысы: Бұлақтыкөл ауылында жүз орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Байғанин ауданына қарасты Бұлақтыкөл тұрғындары үшін жаңа оқу жылы зор қуанышпен басталды. Ауылда 100 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Құны 361 миллион теңгені құрайтын құрылыс 2018 жылы басталған болатын. «Би-М-72» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік еткен білім ордасы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда физика, химия, биология, еңбек, лингофон, ерекше назар аударуды қажет ететін балаларға арналған кабинет, кітапхана, асхана, спортзалы мен оқу сыныптары бар. Жалпы көлемі 1160 шаршы метр болатын мектеп ауласында арнайы газон төселген ойын алаңы да орнатылған.

Білім күніне орайластырылған салтанатты рәсім барысында дәстүрге сай аудандық білім бөлімі басшысы Р.Хайырмұхамбетов мектеп директорына білім кілтін табыстап, алғашқы қоңырау соғылды. Биыл мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларына салтанатты түрде «Әліппе» табыс етілді. Бұлақтыкөл орта мектебінің ескі ғимаратының іргетасы 1991 жылы қаланған. Аталаған мектеп биылғы оқу жылын 77 оқушы, 30 мұғалім және 15 кіші қызметкермен бастады. Ал мектепалды даярлық тобында — 10, мектепке дейінгі шағын орталықта 20 бала бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий