Асхат Аймағамбетов: Білім мен ғылым саласын қолдауда Ақтөбе облысының әлеуеті жоғары

Кеше қыркүйек айының 9-ы, яғни бейсенбі күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақтөбе облысына арнайы іссапармен келді. Жұмыс сапарының соңында еліміздің бас педагогы өңір басшысы Оңдасын Оразалинмен бірге облыс әкімдігінде аймақтың білім саласының қызметкерлері, педагогикалық қауымдастығы, мектеп директорларымен ұйымдастырылған кездесуге қатысып, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басымдықтарға тоқталды, – деп хабарлайды жергілікті білім басқармасының баспасөз қызметі.
– Мемлекет басшысы білім-ғылым сапасын арттыру бағытында алдымызға нақты тапсырмаларды қойып отыр. Педагог мәртебесін көтеру, мектеп құрылысын арттыру, жоғары және арнаулы білім мекемелерін қолдау бойынша елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта Президент тапсырмасын орындау бойынша елімізде мыңнан астам мектеп салынады. Ақтөбе облысында да 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Біз облыс әкімімен бірге білім саласын қолдау бағытында екіжақты меморандумға қол қойдық. Сапалы білім беру мен ұстаздар қауымын қолдау тұрғысынан келгенде Ақтөбе облысының әлеуеті өте жоғары. Өңірде жасалған жұмыстар өте көп, бірлесіп атқаратын жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деді Асхат Қанатұлы.
 
Министрдің аймақтағы жұмыс сапары Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде жалғасты. Білім ордасын аралап, техникалық базасымен танысып, оқытушылармен және студенттермен сұхбаттасты. Бұл арнаулы оқу орнының жалпы көлемі – 12753 ш.м. (оның ішінде оқу процесіне арналған – 9129,3 ш.м). Жобалық қуат – 2000 орын. Колледж типтік ғимаратта орналасқан. Оқу корпусында 35 оқу кабинеті, 15 лаборатория, 9 шеберхана, 4 оқу полигоны, 8 интерактивті құрылғы, мультимедиялық және лингафондық кабинеттері, химия, физика кабинеттері, 8 компьютер класы бар.
Сондай-ақ, екі спорт залы, 2 асханасы және медициналық пункт, мәжіліс залы, 104856 қоры бар кітапхана мен 110 орынға арналған жатаханасы бар. Контингент саны- 1936 (күндізгі бөлімде – 1738 б.а.. (олардың ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 1669, сырттай бөлімде – 198 б.а.). 2021-2022 оқу жылында колледжде – 550 адам білім алса, оның 525-і жергілікті бюджет есебінен оқыса, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 25 адам білім алады. Түлектер саны 469 студентті құрайды. Олардың 378- і күндізгі бөлімде оқиды. Түлектердің 239-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алса, сырттай бөлімде 91 студент оқиды.
 
Бітірушы түлектердің жұмысқа орналасуы: 73,54% (ЗТМО мәліметі бойынша – 75%) болса, мемлекеттік тапсырыс бойынша- 80,8% (ЗТМО мәліметі бойынша – 78,7%) құрайды. Колледжде 94 педагог қызмет етеді. Педагогикалық құрамның сапасы: жоғары категория – 32 (34,04%), бірінші категория – 12 (12,8%), магистр саны – 25 (26,6%). Колледжде кадрлар даярлау «Электрмен қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару», «Машина жасау технологиясы», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыздандыру», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және технологиясы», «Есеп және аудит», «Аударма ісі», «Кәсіптік оқыту», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» сынды 13 мамандық бойынша жүзеге асырылады.
 
ҚР Білім және ғылым министрі Батыс-2 ауданындағы жаңа оқу жылы қарсаңында ел игілігіне берілген “Білім” мектеп-гимназиясының жұмысын қарады. “Жалпы білім беретін “Білім” орта мектеп – гимназиясы” ЖШС заман талабына сай салынып, балалардың сапалы білім алулары үшін барлық жағдай жасалған. Мектеп директоры Айгүл Арынгазиева мектепте барлығы 383 педагог жұмыс жасап, 2903 оқушы білім алатынын айтып, мектептің құрылымымен таныстырды.
 
– Мектеп территориясының жалпы аумағы 2,2874 ға болса, мектеп ғимаратының аумағы 22 874м2. Қолданыстағы инфрақұрылым үш қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектеп жалпы: “А”, “Б”, “В”, “Г”, “Д”, “Е” блогтарынан тұрады. “А” білім блогында жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім беретін сыныптары орналасқан. Атап айтар болсақ, дәрігер кабинеті, процедуралық бөлме, психолог пен логопед кабинеті, шет тілдерін үйренуге арналған кабинеттер, мектеп әкімшілігіне арналған үй-жайлар, компьютерлік сауаттылық пен информатиканы оқуға арналған аудиториялар мен 40 орындық оқу залы бар кітапханада осы блогта.
Ал, “Б” блогы оқу және мультимедиялық сабақтарға арналса, “В” блогында жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім беретін оқу және мамандандырылған сыныптары бар. Мәселен физика мен химия кабинеттері. Мектептің “Г” блогында 500 орындық асхана және көркем жабдықтары бар 500 орындық акт залы орналасса, “Д” блогы жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім беретін және еңбек тәрбиесіне арналған кабинеттермен жабдықталған. Сондай-ақ, “Е” блогы спорт залға арналған, – деді ұстаздар ұжымының басшысы.
 
Жаңа білім ордасында еңбек ететін ұстаздардың орташа жалақысы 150 000 теңгені құрайды. Мұндағы педагогтардың 194-і жоғары білімді, 14-і жоғары санатты, 19-ы педагог – зерттеуші, 28-і бірінші санатты, 16-ы педагог – сарапшы, 11-і екінші санатты, 3-і педагог – мастер, 20-ы педагог – мадератор, 78 мұғалімде санаты жоқ. Мұнда қазақ сыныбында – 1703, орыс сыныбында – 1200 оқушы білім алады. Мектеп екі аусыммен жұмыс жасайды. Жұмыс сапарының соңында салалық ведомстваның жетекшісі білім саласындағы оң өзгерістерге көңіл бөліп, ұстаздар қауымына көп қолдау көрсетіп келе жатқан облыс әкіміне алғысын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий