Келешекке кемел жол – жауаптылықта

Еліміздің алға қойған басты міндеті – Қазақстан Республикасының аумағында тұратын әрбір азамматтың өз мақсат-мұратын, әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Осы мүмкіндіктерді пайдалану – азаматтардың өз таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты. Осы тұрғыда әрбір азаматтарды қолдау мақсатында әр-түрлі жобалар Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде «Nur Otan» партиясының қолдауымен де іске асырылуда.  

Бұл тұрғыда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы жобасы бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр. Атап айтар болсам, білім беру саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар саны артты және орта білім беру салаларында жастардың тегін білім алуына жол ашылды. Мұғалімдер мен білім беру мекемелеріндегі оқытушылардың айлық жалақы мөлшерлері жоғарлады. Сонымен қатар, еліміздің жастарын қолдау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды.

Бұл – жоғары оқу орындарын, колледж және оқу институттарын жаңа тәмамдаған жас мамандарды жұмыспен қамтып, олардың жұмыс атқаруға деген құлшынысын арттырып, дамыту. Ал, экологияның әлеуметтік саясатына тоқталатын болсақ, басты міндет Қазақстанның көміртекті аз тұтына даму тұжырымдамасын қабылдау болып  табылады. Ол «жасыл өсім», климаттың өзгеруіне бейімделу және экономиканы декарбонизациялау, яғни «экологиялық таза экономика» шараларын қамту және ұйымсдастыру.

Осы орайда қалалардың ауа жағдайын жақсарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалар іске асуда. Экологиялық құндылықтарды нығайту үшін «Бірге – таза Қазақстан», «Таза су айдындары» экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Бұдан әрі мектептерде, оқу орындарында экологиялық сауаттылық пен тәрбие беру бойынша бағдарламаларды енгізіп, қоршаған ортадағы барлық ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту үлгісі қалыптастырылып, оны тәжірибе жүзінде іске асыру көзделіп отыр. «Жол картасын» сапалы іске асыру халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Ел болашағы – өзекті жобалардың жүзеге асуында.

Мира Атамаловна МАХАТЧИН,
Қарағанды облыстық маслихатының
депутаты, «Nur Otan»
партиясының Қарағанды
облыстық филиалы жанындағы қоғамдық
экологиялық кеңестің төрағасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий