Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады.

Үшінші мыңжылдықтың ұлттық мүдделері мен сын-қатерлеріне сәйкес келетін қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеттілігі сонау 1990-2000 жылдары қалыптасты. Бұл аса маңызды кезеңнің тарихи маңызы дәл осы онжылдықтарда  заманауи  мемлекеттің  негізін қалаушы Тұңғыш Президент – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстанның тәуелсіздігі  жариялағаннан бастап нақты мемлекеттік егемендікке дейінгі өткерген қиын жолында тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет, толыққанды қатысушы, әлемдік саясаттың субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді.

Шекаралас аймақтағы мемлекеттермен сенімді достық қатынас ұстап, Орталық Азиядағы игі бастамаларға басшы болып отыр. 1992 жылы еліміздің мемлекеттік рәміздері: тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің ерекше белгісі ретінде Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданды. 1993 жылы 28 қаңтарда дербес мемлекетіміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізіліп, оған қатысқан азаматтардың тоқсан пайыздан астамы жаңа құқықтық құжатқа дауыс берді.

Қазақстан демократиялық, зайырлы, әлеуметтік-құқықтық және унитарлық мемлекет болып жарияланды, ол үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылады. Конституциямыз жоғарғы заң күші ретінде ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздіктің негізін қалады. Ел тәуелсіздігі Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына бұрын соңды болмаған мүмкіндіктер ашты. Ғасырлар мен ондаған жылдар бойы ұмытылған тұлғалардың есімдері мен жәдігерлері оралды, мемлекеттік қазақ тілі қайта жанданды, тарихтағы ақтаңдақтар қаралып келеді.

Осы кезеңде республикада тарихты еске алу шаралары, қазақтың ұлы билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би; қуғынға ұшыраған қайраткерлер – Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, және тағы да басқа көптеген көрнекті тұлғаларды еске алып, құрмет көрсету шаралары, өткен жылы ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы атап өтілді. Көптеген сынақтар мен қиындықтарды басынан кешірген Қазақстан, бүгінде аяғынан нық тұрып, болашаққа сеніммен қарайды.

Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек.  Біздің тұтас мақсатымыз – Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін Мәңгілік ел құндылықтарын қастерлеп, оны болашаққа аманаттау.

Бакытгуль Тасикнбаевна САГИНГАЛИЕВА,
Ақтөбе  облыстық мамандандырылған
физика – математикалық  мектеп интернатындағы
тарих пәнінің мұғалімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий