Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Дәурен Түркпенбаев пен география пәні мұғалімі Біржан Джумашев, тарих пәні мұғалімі Армат Дүйсалиев «Туған елге тағзым» зерттеушілік экспедициясы аясында Маңғыстаудың ұмытылған бұлақ көздерін іздеуге арналған мини-экспедицияға шықты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жаяу экспедиция Түпқараған мүйісінен басталып, Тамшалы сайында аяқталады деп жоспарланып отыр. Зерттеушілер 40 шақырым жолды үш күнде жүріп өтіп, автокөлік жете алмайтын жерлерде орналасқан, бұл күндері ұмытылып бара жатқан бұлақтарға химиялық зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

– Біздің қатарымызға Түпқараған мүйісінен химия пәнінің мұғалімдері қосылады. Олар анықталған бұлақтардың суының құрамын зерттеп, сараптама жүргізеді. Осылайша біз ұмытылған бұлақтармен танысып қана қоймай олардың құрамын біле аламыз, – дейді саяхат жетекшісі Біржан Джумашев.

Экспедицияның басты мақсаты – зияткер оқушыларды туған өлке табиғатын зерттеуге, ізденуге баулу. Сапардан соң нақты зерттеу жұмысы жзылып, мектепішілік, желілік кезеңдерде қорғалады. – Мен осыған дейін де бірнеше экспедицияға шыққан болатынмын. Сондықтан үш күндік сапар маған өте қызықты болады деген үміттемін. Маңғыстау жерінің бұлақтарын зерттеу бұйырғанына қатты қуанып тұрмын, – дейді сапарға аттанған Дәурен Түркпенбаев. Экспедиция жоспары бойынша жолаушылар Түпқараған ауданындағы бес бұлақты зерттейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий