Алматы Менеджмент Университетінің МВА бағдарламасы Қазақстанда бірінші болып QS World University Rankings: Global MBA Rankings 2022 рейтінгінде әлемдік топ-250 және Азия бойынша топ-35 құрамына кірді

2021 жылдың 9 қыркүйегінде QS World University Rankings әлемдік рейтинг агенттігі ең үздік МВА бағдарамасының ресми рейтінгін жариялады. 

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Бизнес Жоғары Мектебінің MBA бағдарламасы үшінші рет QS World University Rankings: Global MBA Rankings 2022 рейтінгіне кірді. ТМД мемелекеттерінен рейтингке кірген бизнес-мектептері:

  • Graduate School of Business (201-250) – Қазақстан
  • School of Business and International Proficiency (MGIMO University) (201-250) – Ресей
  • Kazan Federal University (251+) – Ресей

AlmaU-дің Бизнес Жоғары Мектебі «Әлемдік MBA 2022» рейтінгіне кірген әлемдік 286 MBA бағдарламаларының ішінде 201-250 орнына ие болды. 

Әртүрлілік критериясы бойынша ең жоғарғы балды иемденді, Кәсіпкерлік және Бітірушілердің нәтижесі көрсеткіштері бойынша қатысушылардың арасында орта деңгейге жақындады. Бұл бизнес-білім беру халықаралық стандарттарына сәйкес General MBA бағдарламасының тыңдаушыларының жағымды динамикалық дамуын көрсетеді. 

Таңдаулы 41 бизнес мектептерінің арасында Азия бойынша AlmaU 35-ші орынды иемденді. Қазақстандық AlmaU рейтингке келесі бизнес-мектептерімен қатар кірді: INSEAD (multi campus бизнес-мектебі, Франции, Сингапур және БАӘ-дегі кампустар), CEIBS (Қытай), Shanghai Jiao Tong (Antai) (Қытай), NUCB Business School (Жапония), Yonsei School of Business (Оңтүстік Корея) және т.б.

QS World University Rankings үздік әлемдік МВА бағдарламалары рейтінгін келесі сілтеме бойынша көруге болады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий