Жас ұстаздар бас жүлдені иеленді (бейне жазба)

Біздің білім ордасындағы  “Елбасы медалi” жобасына қатысушы жас мамандарымыз, жас отбасы мүшелерi Чабден Жанболат Айдынұлы мен Нұрмолдаева Әлия Болатайқызы “Елбасы медалі” бағдарламасы аясында Отбасы күніне орай ұйымдастырылған “Спорттық отбасы” іс-шарасына “Жалын” тобының құрамында қатысып, бас жүлдені ұтып алды.

Үздіктер ұйымдастырушылардың тарапынан 50 000 теңге сыйақы және марапат қағаздарымен марапатталды. Үш кезеңнен тұратын (онлайн: 1- кезең – өз отбасы туралы шағын пост жазу, 2-кезең отбасы өмірінен 1 минуттық бейнебаян, оффлайн: 3- кезең – спорттық отбасы сайысы) отбасылық конкурстан мүдiрмей, озық шыққан жас жұбайлардың әр – әрекетi отбасыларының тату, ынтымақты, бiрлiгi мен талаптары ортақ екендігімен ерекшеленiп, көптiң ризашылығына бөленді.

Ұстаздық жолды жүректерiмен таңдаған жалынды жастарымыздың отбасына береке, кәсіби icтерiне сәттілік тілейміз! Қос ұстаз – жас жұбайлардың “Елбасы медалi” жобасындағы көшбасшылық белсендiлiктерi мектеп мерейiн асқақтатумен қатар, өзге де жастарымызға үлгі боларлық тамаша нәтиже!

Назира ЖАҚЫПБЕКОВА,
№152 мектеп – гимназия директорының
орынбасары, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий