Елордалық мәслихат депутаттары ЕҰУ- да болды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары келді. Жоғары оқу орнының инфрақұрылымы және аудиториялық қорымен танысқан  депутаттар инженерлік бағыттағы зертханаға, мұражайларға және ауданы 7074 шаршы метр студенттік спорттық-сауықтыру кешеніне барды, – деп хабарлайды осы университеттің баспасөз қызметі.

Депутаттарға әлемде баламасы жоқ ДЦ-60 ауыр иондары үдеткішінің жұмысы таныстырылды. ЕҰУ инженерлік бейіндегі зертхана басшысы Максим Здоровец көптеген жұмыстар МАГАТЭ шеңберінде жүргізіліп жатқанын және студенттер мен магистранттар осы үдеткіште жұмыс істейтінін, нәтижесінде соңғы үш жылда жыл сайын 10-нан астам философия докторы дәрежесі (PhD) қорғалғанын атап өтті.

Кездесуде ғалымдардың «Трек мембраналары негізінде сүзгі материалдары мен металл наноқұрылымдарын жасау» атты ғылыми әзірлемесі, өнертабыс негізінде шығарылған суды тазартуға арналған жеке сүзгілер халық қалаулыларының қызығушылығын тудырып,  ерекше назарын аударды. Сондай-ақ депутаттар «Жазу тарихы» және «Білім тарихы» мұражайларына жасаған экскурсия барысында бірегей олжалар мен артефактілермен танысты. ЕҰУ түлектерімен кездесіп, синхронды жүзуден Азия чемпиондары Александра және Екатерина Немичті Токио Олимпиадасында өнер көрсетулерімен құттықтады.

Жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысуға келген  депутаттарға «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов оқу орнының отандық және халықаралық саладағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сапар қорытындысында депутаттар университеттің барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқанын және ЖОО-ның білім алушыларға  бағдарлануы мен ғылыми-инновациялық әлеуетін ерекше атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий