Жасампаздық пен дамудың отыз жылдығы

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жасампаздық пен дамудың 30 жылдығы» ашық сабағы ұйымдастырылды. Еліміздің дербес даму жолы сараланған сабаққа Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Біржан Әлімжанов пен облыстағы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директоры Бақытгүл Әбдікерова қатысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сабақты тікелей эфирде Абай, Балқаш, Жезқазған, Саран, Сәтбаев және тағы басқа қалалары мен елді-мекендерінде орналасқан  облыстық 95 жетекші мектептің 3000-ға жуық оқушысы тамашалады. Қазақстанның барлық Зияткерлік мектептерінде бір уақытта өткен ашық сабақта оқушылар Тәуелсіздік туралы ой бөлісіп, Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі және ел дамуындағы жетістіктер туралы пікір алмасты.

Бұдан бөлек Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызмет ететін Тәуелсіздік құрдастары жайлы жетістіктері жайлы бейнесюжет көрді. Солардың бірі – Қарағандыдағы Зияткерлік мектептің химия пәні мұғалімі Инабат Хамитова. Қазір ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкада білім алуда. Дербес ел болған отыз жылда түрлі салада болып жатқан орасан өзгерістерге бәріміз куәміз. Соның ішінде білім және ғылым салаларын ерекше атап өтуге болады. Өзім қызмет ететін Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесі, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы сияқты тың жобалар жүзеге асты. Қазір мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Пенсильвания университетінде химия пәнінен магистр деңгейін меңгеріп жатырмын. Маған берілген бұл мүмкіндік ел тәуелсіздігінің жемісі, – дейді Инабат Хамитова.

Зияткерлік мектеп оқушылары да тәуелсіздіктің білім мен ғылымды дамуының басты тетігі екеніне сенімді. Олар мектеп пен университетте сапалы білім алып, ел өркендеуіне өз үлесін қосуды армандайды. – Болашақта мен ядролық физика саласының маманы болып, білімім мен білігімді ел пайдасына жұмсағым келеді, – дейді 12-сынып оқушысы Нұрасыл Жұмабаев. Ашық сабақ соңында оқушылар Біржан Әлімжанов пен Бақытгүл Әбдікерованың Тәуелсіздік жайлы ойын тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Қонақтар оқушылардың оқуда жетістікке жетіп, елдің лайықты азаматы болуына тілек білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий