Мектептегі тиімді тәжірибе

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады, – дейді К.Ушинский. Бағдарламаның негізгі мақсаты мектеп мұғалімдері өздерінің балаларды белгілі бір тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыратынын түсінуі болып табылады. Осы орайда мектептегі тәжірибе кезінде бірінші бетпе – бетте алған теориялық білімді пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын яғни «Орта мерзімді» құрастырдық.

“Орта мерзімді» жоспарлаудың басты мақсаттары: жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы; сыныпта сабақ беру практикасына жеті модульді ықпалдастыру; оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету; барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау қажет. «Орта мерзімді» жоспарлауды жасағанда әрбір сабақ мақсаты мен күтілетін нәтиже арасындағы байланыс болуын ескердік. Жоспарда бұд бағдарламаның 7 модулі идеяларын өзара ықпалдасуын жүзеге асыруды жөн көрдік.

Яғни, оқушылардың әрбір іс – әрекеттері мен бірлескен жұмыстарын жоспарлап, жас және жеке ерекшеліктеріне сай әдістер мен формативті бағалау түрлері мен стратегияларын енгізуді мақсат еттік. «Орта мерзімді» жоспарлауды дайындағанда тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай болуы маңызды. Тізбектелген сабақтар топтамасын немесе ОМЖ кім үшін жасалып жатқанын, оқушыларға нені үйрету керек екенін және оқытудың әдіс – тәсілдері мен қандай түрлерін пайдалану қажет екені ескерілді.

Сол кезде ғана орта мерзімді жоспарлауда бағдарламаның жеті модуль идеяларының қаншалықты ықпалдасқаны, мақсаттары айқын болғаны 4 сабақтың мазмұнын жүйелі құруға көмегі тиетіні сөзсіз. Сонымен қорыта айтқанда, орта мерзімді жоспарлауда, негізгі мақсаттары нақты жүйелі болған кезде, нәтижесі жемісті болады. Оқушылардың бір – біріне құрметпен қарайтынын, бір-бірінің пікірін тыңдайтынын, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланғаны байқалды. 

Топпен оқулықтағы  тақырыптарды  өз бетінше талдау жасап, плакатқа сызып қорғаған сәтте оқушылар алдыңғы сабаққа қарағанда ойларын жүйелегендері анық көрінді. Осы өзгерістер оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға, сыни тұрғыдан ойлауларына  көп ықпал етті. Алдағы уақытта мектептің дамуына ықпал ететін, оқушылардың білім сапасын арттыратын, көшбасшылық дағдылардың тиімді жолдарын жоспарлап, оның орындалуына септігін тигізетін жолдарын іздейміз.

Ол үшін оқушылардың ынтасын, сөз байлығын, сабаққа қызығушылығын, мектепке және мұғалімге сенім арттыру мақсатында мектепте сабақ беру әдіс-тәсілдерді, мұғалімдердің оқу-оқыту үдерісіне көзқарастарын, бағалау жүйесін өзгерту керек. Барлық зерттеу жұмыстарын талдай келе «қазіргі уақытқа ғана емес, болашаққа бағытталуын» ескере отырып, нәтижесінде пайдалы, қолжетімді болатын өзгеріс енгізу қажеттілігін ескердік. Сонымен тексеру нәтижесінен шыққан мәселені шешетін мектепке қандай өзгеріс енгізу қажеттілігі анықталды. Осы мәселелер тізбегін негізге ала отырып өз мектебімнің жаңа ғасыр талабына сәйкес келуі үшін өзгерістерді енгізуге, қорықпай қадам басуға ұмтылыстар жасау керектігін түсіндім.

Гульназ ДЖАРЫЛКАПОВА,
№45 орта мектептің директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий