Тәуелсіздік сабағына жетекші 33 мектептен бір мыңға жуық оқушы қатысты

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздігімізге арналған «Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбында TEDx форматында ашық сабақ өтті. Оның мақсаты – Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері мен табыстарын талдау, еліміздің жетістіктерін мақтан тұту арқылы оқушылар арасында мәдениетті қалыптастыру және Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қытай еліндегі Desheng School International серіктестік мектебімен тәжірибе алмасу, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараға Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов арнайы қатысты. Шаһар басшысы Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді дәріптеу, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіруіміз керек деген ойды алға тартты. Біздің еліміздің ерекшелігі – өте бай салт-дәстүрі. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, өткен тарихты ұмытпау. Адамның адамның айырмашылығы, ол біздің ақылымыз. Ал, ақылдың айырмашылығы ол білімде. Сондықтан, бәсекеге толы заманда осындай мектепте білім алу үлкен мәртебе. Басқа білім ошақтарынан биік тұрсыздар. Мықты ұстаздардан білім алып, түрлі техникалық базаның арқасында, сіздер сапалы білім алып, болашақта еліміздің дамуына еңбек ететін мықты ұрпақсыздар.

Сіздер болашақтарыңыз таза түрдегі математика. Бүгінгі қабылдаған және қабылдамаған шешімдердің нәтижесін ертең күні көресіздер. Сондықтан, уақытты тиімді пайдаланып, жоспар құрып, нақты қадамдар жасаңыздар. Айта кетерлігі, «Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы» ашық сабағы Павлодардағы «Педагогикалық шеберлік орталығының» қолдауымен Павлодар облыстық «ERTIS» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді. Сонымен қатар, зияткерлік мектептегі ашық сабақты аймақтың жетекші 33 мектептен бір мыңға жуық оқушы трансляция арқылы тамашалады.

Біздің оқушылар Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдарында әсіресе, экологиялық проблемаларға назар аударды. Олар өз идеяларын ТЕДх форматында ұсынды.  Қытайлық серіктес мектеппен байланыс кезінде екі елдің экологиясын жақсартудағы өз идеяларымен бөлісті. Павлодарлық Зияткерлер еліміздің экологиясын жақсартуға бағытталған бірнеше жобаларды таныстырды. Олар осыған дейін түрлі байқауларда топ жарған болатын.

Сондай-ақ, өзара Қазақстан мен Қытайдың экология саласындағы ең маңызды жетістіктері талқыланды. 12 сынып оқушысы Нұржан Бекенов «Қоршаған орта және экологиялық даму» тақырыбында өз ойымен бөлісті. Қазақстанда қоршаған ортаның басты мәселелері: қалалардағы ауаның ластануы,өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендеріне іргелес аумақтардан ластанған сулардың өсуі, Амудария және Сырдария өзендерінің суармалы егіншілікте қарқынды және ұтымсыз пайдалануы. Сондықтан, халықтың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін ынталандыру маңызды.

Мысалы, смартфондардағы қосымшаны жасауға болады, онда адамдар қоқыс жинау тәжірибесімен бөліседі және қоғамдық картадағы ең ластанған аймақтарды белгілейді. Бұл тұжырымдама цифрландыру кезеңінде ең өзекті болып табылады, өйткені бұл қосымша кез-келген құрылғыда қол жетімді.Осы концепцияны пайдалануды және одан әрі интеграциялауды жеңілдетеді. Ашық сабақ қорытындысы ретінде, Павлодар NIS пен Қытайдағы Desheng School International серіктестік мектебі арасында арасында резолюция қабылданды.

Ол арқылы, екі елдегі маңызды экологиядық мәселелерді шешуге көмектесетін анық. Ашық сабақ модераторы Баян Тулебаеваның айтуынша,  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл біздің жетістіктерімізді саралап, болашақтың міндеттерін айқындау мүмкіндігі. Елдің көркеюі, болашақ дамуы әр қазақстандықтың жетістіктері, жауапкершілігімен тығыз байланысты. Қорытындылай келе, ел тағдырына жауаптылығы мен қатыстығымызды әрқайсымыз сезінуіміз  қажет. Мемлекет пен елдің әрбір азаматы Тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға бар күш-жігерін салуы керек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий