Сәулет ғимараттарының сыры

Батыс Қазақстан облысының орталығындағы оқушылар сарайында ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығы мен «Қала күні – 2021» мерекесіне орай «Бақытты балалар – Тәуелсіз елдің тірегі!» шарасының шеңберінде «Сәулет ғимараттары сыр шертеді» көрмесі ашылды, – деп хабарлайды Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

– Біздің қосымша білім беру орталығы биыл бесінші оқу жылын бастап отыр. Үйірме саны сексен үшке жетті. «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, волонтерлық қозғалыс, «Мақашева театры» сынды жаңа үйірмелер, математика, физика, химия, география, биология пәндері бойынша зерттеу алаңдарының жұмысы жүйелі жолға қойылған. Жалпы саны төрт мыңдай шәкіртті толық қамтуға мүмкіндігіміз бар, – деді осы ұжымның жетекшісі Шолпан Сисенова

Облыстық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Ляна Тұрсынова сөйлеген сөзінде жетекші партияның балалар құқығының қорғалуымен қатар, сапалы білім алуын, қосымша біліммен қамтылуын назарда ұстайтынын жеткізді.

Қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова оқушылар сарайында балалардың жан-жақты дамуларына – спорт, өнер, интеллектуалдық даму мен оқу сауаттылықтарын жетілдіру үшін барлық жағдай жасалғанын айрықша атап айтып, сарай директорына салалық бөлім басшысы Ақжарқын Темірханованың Алғыс хатын табыстады.

Жиналған жұртшылық арнайы әзірленген концерттік бағдарламамен бірге, жергілікті білім беру ұйымдарындағы технология пәні мұғалімдері дайындаған шаһардағы тарихи нысандар мен жаңа ғимараттарға қоса болашаққа арналған макеттік үлгілердің көрмесімен танысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий