Мектеп маңындағы оқу тәжірибе үлескісінде оқушылар еңбегін ұйымдастыру

Оқушылар мектеп үлескісінде өздерінің биологиядан алған теориялық білімдерін тірі өсімдіктер мен жануарлармен жұмыс истей отырып тереңдетіп бекітеді. Олар ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру әдісі және жануарларды күтіп баптау туралы түсінік ала отырып, белгілі бір жүйеде жұмыс істеуге дағдыланады. Үлескеде жұмыс істей отырып оқушылар ұйымдастырушылыққа, ұжымда жұмыс істеуге, еңбек мәдениетіне, эстетикалық сезімге, өсімдіктерді көбейту арқылы табиғатты қалпына келтіруге қажетті дағдыларды меңгереді.

Мектеп оқу-тәжірибе үлескісінде күзде және көктемде 5-7 сыныптарда практикалық жұмыстар, сабақтан тыс тәжірибелерді қою жәе фенологиялық бақылаулар жасалады. Таратпа және көрнекілік материалдар дайындауға болады. Оқу-тәжірибе үлескісінде бағдарлама бойынша оқылатын өсімдіктер болуы керек. Олар: егістік, көкөністер, дақылдар, жеміс-жидек, декоративтік және жабайы өсімдіктер. Осыған сәйкес айқын  шек қойылған бөлімдер болу керек: егістік, көкөністік, жеміс-жидектік, декоративті, биологиялық және зоологиялық. 

Әрбір бөлімде өсімдіктер коллекциясы және тәжірибелерге арналған орындар бөлінуі керек. Әр мектепте фенологиялық бақылауларға ерекше назар аудару қажет. Олар әсіресе туған өлкенің табиғатын танып білуде  ерекше тиімді. Табиғатқа үнемі бақылау жасау балалардың танымын кеңейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқу-тәжірибе үлескісіндегі жұмыстар мен бізді қоршаған ортадағы жануарлар мен өсімдіктерге жүйелі-фенологиялық бақылау жасау бір-бірімен тығыз байланысты.

Алтынгул ТУСУПОВА,
№11 мектептің биология пәні
мұғалімі, Шығыс Қазақстан
облысының Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий