Кітап – асыл қазына

«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың классикалық әдебиет шығармаларын оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін 7-9 сынып оқушыларына арналған «Кітап – асыл қазына» тақырыбындағы байқауды тұрақты ұйымдастыруда, – деп хабарлайды осы жергілікті аймақтағы салалық басқарманың баспасөз қызметі.

Басы мақсат – көркем әдебиетті оқуға баулу және балалар әдеби шығармаларын оқу арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Екі жыл  бұрын еліміз бойынша бастау алған «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» республикалық жобасын жүзеге асыру аясындағы шара ауылдық жерлерде тұратын оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруын көздейді. Оқу сауаттылығы – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны және қазіргі қоғамда өзара әрекеттесу қабілетін қалыптастырудың негізгі дағдыларының бірі.

Осы уақыт аралығында екі мыңнан астам оқушы қазақ, орыс және шетел көркем әдебиетінің 10 шығармасын оқыды. Б.Момышұлының қызықты да тартымды «Ұшқан ұя» шығармасы 300-ден астам оқушының қызығушылығын тудырды. Орыс классикалық әдебиет шығармаларының арасынан балалардың ерекше есінде қалғаны – Г.Троепольскийдің «Белый Бим Черное ухо» шығармасы. Сонымен қатар, шетел әдебиеті шығармалары арасынан Д.Дефоның атақты «Робинзон Крузо» шығармасы да назардан тыс қалған жоқ.

Байқаудың қорытындысы бойынша, Б. Майлин ауданындағы Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Әйгерім Қуантай қазақтың балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» шығармасын оқуы арқылы үздік жеңімпазы атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий