Шымкент – НЗМ: Тәуелсіздік сабағына үш мыңнан аса оқушы қосылды 

Түркістан облысының 60 жетекші мектебінен үш мыңнан аса жоғары сынып оқушылары бір күнде өткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Жасампаздық пен даму» Тәуелсіздік сабақтарына қосылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

«30 жыл: Тәуелсіздік – ел тұғыры» виртуалды телекөпірі Шымкенттегі физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен NIS-пен көп жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан серіктес мектеп оқушыларының басын қосты. Жиынға қатысушыларды біріктірген басты тақырып – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұту және бүгінгі мектеп оқушыларының ел болашағы үшін жеке жауапкершілігі.  

Білім саласында алғаш рет қашықтан өткізілген мұндай ауқымды екі күндік шараны мектептің тарих мұғалімдері ұйымдастыруда. Оңтүстік өңірдің Шымкент қаласы мен Созақ, Келес, Сарыағаш, Арыс және Мақтаарал аудандары оқушыларының қатысуымен өткен бүгінгі сабақты тарих пәнінің мұғалім-сарапшысы Данияр Байтуреев жүргізді.  

Тарих пәні бойынша тікелей эфир арқылы өтіп жатқан ауқымды ашық сабақта Егемендіктің 30 жылында жеткен жетістіктеріміздің бірі  – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге байланысты сөз қозғалды. Маңызды съездің бірінші отырысы 2003 жылы өтіп, содан бері Қазақстан диалог пен өзара іс-қимылдың бірегей алаңына айналды. Әлемдік қоғамдастық пен танымал саясаткерлердің, сондай-ақ діни қайраткерлердің тарапынан елбасының бұл бастамасы жоғары бағаланды. Сонымен қатар, еліміз өркениетаралық және дінаралық диалогтың маңызды халықаралық орталығы ретінде мойындалды, – деді Данияр Шәріпбекұлы.  

Сабақ барысында еліміздің 30 жыл ішіндегі белестері мен жетістіктері, алдағы 30 жылға арналған даму жолдары талқыланды. 12 «В» сыныбының оқушысы Рамазан Нәлібектің сөзінше, сабақ  барысында басқа мемлекеттердің мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, іс-шара қонағы, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов сабаққа оң бағасын беріп, оқушылардың патриоттық сезімінің жоғары болуының аса маңыздылығын атап өтті. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий