Білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингі белгілі болды

Бұқаралық ақпарат құралдары американдық «CeoWorldMagazine» журналы әзірлеген «білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингі» туралы (10. 05. 2020 ж) мәліметтерді жариялады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл «рейтингте» Қазақстан Қытай, Малайзия және Әзірбайжан сияқты елдерден озып, Ресей мен Қырғызстаннан кейінгі 62-орынға жайғасқан. Басылымның сайтында көрсетілгендей, «рейтинг» ресми мәліметтер мен елдердегі білім сапасын зерттеу негізінде емес, студенттер, өнеркәсіпшілер, бизнес өкілдері және т.б. арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалады. Сондай-ақ, басылым білім алу үшін елдерді таңдағанда тек осы «рейтингті» ескермеу керектігін хабарлайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий