Маңғыстау облысы: Өнерлі студенттер стипендиат

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоры жыл сайынғы студенттер стипендиясына республикалық деңгейде арнайы байқау ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. Қазақстанның әр аймағынан 350 -ден астам білім алушы қатысқан байқауда сексен үміткер ғана 2021-2022 оқу жылында осы қоғамдық қордың қордың шәкіртақысын алды.

Соның ішінде байқау комиссиясының шешімімен Маңғыстау өнер колледжіндегі халық аспаптары бөлімінің 3 курс студенттері Қасымова Айшолпан және Күзембай Іңкәр жеңімпаз ретінде танылды. Өнер колледжі ұжымының жетекшісі Жайнаш Манованың айтуынша Айшолпан Шындауылқызы алты жасынан бастап домбыра аспабында ойнаған шеберлігімен танылып, Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі мен  қалалық № 23 орта білім ордасын үздік бітірді. Осы арнаулы оқу орнындағы оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты, жас маман Оңайбай Салтанаттың сыныбына қабылданды.

Ол қоғамдық, мерекелік шаралардың белсенді қатысушысы. “Сазды әуен-сырлы әуез” және “Ғасырлар үні” байқауларының жеңімпазы. Айшолпан домбырадан басқа қосымша аспаптарды да меңгеруде және өнерге құштарлығы, ізденімпаздығы болашағынан зор үміт күттіреді. Іңкәр Күзембай домбыра аспабында ойнаған шеберлігімен танылып, Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебі мен № 13 орта білім ордасын жақсы бағамен бітірді. Арнаулы оқу орнының 1 және 2 курс оқу кезеңін үздік тәмамдаған, Елбасы қорының стипендиаты.

«Ғасырлар үні» қалалық, «Каспий жұлдызы» облыстық, «Құрманғазы -200 жыл» республикалық, «Жас талант» және «Astana Grand Festival», «Жаңа жұлдыз» халықаралық және тағы да басқа түрлі байқаулардың жеңімпазы. Қазіргі таңда өнер колледжінің  аға ұстазы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Роза Айдарбаеваның сыныбында тәлім алуда. Үздіктерді жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз, – дейді өнер колледжінің директоры Жайнаш Өтепқалиқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий