“Time to speak”: Балдәурендегі лингвистикалық марафон

“Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың”, – дейді данышпан хакім Абай Құнанбайұлы. Тіл – халықтың жаны. Тілдің сақталуы мен таралуы сол тілде сөйлетін халыққа байланысты. Қазіргі дамыған заманда тілдің алар орны ерек, маңызы биік. Иә, адам туған тілін ұмытпауы қажет, бірақ тұнған тілдерді де қолдану артық етпейді. Әлемнің екінші ұстазы, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз жетпіске жуық тіл білген.

Ал, оның ұрпағы, яғни біз қанша тілді білеміз?! Еліміз қарқынды даму сатысында. Елдің байлығы – жастары. Ал жастардың үздік болуы, мемлекеттің гүлденуіне алып барар жол екендігі анық. Себебі, ұлт болашақтарының озық ойлауы мен көптілділікті қолға алуы, шет тілді үйренуге деген асқақ ұмтылысы бізді қуантады. Әлем мемлекеттері арасындағы қолданыста жүрген тілдерді қазақ даласында оқыту мектеп қабырғасына қойылып отырған талап, және бұл орынды. Сондықтан, үштілдікті дамыту барысында Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Time to speak» лингвистикалық марафон атты ауысым өтуде.

Ауысымның мақсаты – демалушы балалардың лингвистикалық ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды оқушыларды дамыту және қолдау. Ауысым қатысушыларының саны 300 бала. «Балдәурен» табалдырығынан аттаған бала, бір ауысым бойы тек демалып қана қоймай, мемлекеттік стандартқа байланысты үздік ұстаздардан білім алып, өз білімдерін толықтырды. Сонымен қоса, ауысым барысында балаларға арналған қызықты концерттік кештер мен танымдық іс-шаралар, интеллектуалды ойындар мен тәрбиелік мақсаттағы сынып сағаттары өткізілді.

Ұлан ғайыр қазақ даласының жәннәті болып саналатын «Жақұт мекен – Жетісу» атты концерттік-танымдық іс-шара оқушыларды өлкеміздің әсем табиғатымен, терең тарихымен, әдеби айбынымен таныстырды. «Сөйлейтін уақыт келді» дегендей, ақындық көркем тілдің бір тұсы «Айтыс» өнерінің қаситетін оқушылар өз бойынан өткізді. Мемлекетіміздің іргетасы – «Қазақ хандығың» тарихымен танысты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген Қадыр Мырза Әлі атамыздың сөзін ескере отырып, мектебімізде оқушылар мемлекеттік тіл қазақ тілінде жаппай диктант жазып, жүзден жүйрік болып, алға суырылып шыққан оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Оқушылардың көп тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру үшін орталықта «Тіл – ел бірлігінің кепілі» атты тілдер фестивалі өтті. Фестивальдің басты мақсаты – еліміздегі түрлі ұлттардың тіл әсемдегін көрсету және қазақ тілінің қазақ елі үшін маңызын паш ету, тілдерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру болып табылады. Мектебімізде оқушылардың интелектуалды және логикалық тез ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Iq games» зияткерлік ойыны өтті.

 

 

Оқушылардың жарыса отырып жеңіске ұмтылуы, гуманитарлық және жаратылыстану пәндері сұрақтарында, математикалық есептерді шығаруда жылдам әрі ұшқыр ойлары ойын барысында әділ-қазы алқаларын тәнті ете білді. “Үш тілді білу – бұл жаһанданған әлемге жолдама деген сөз”, – деп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, өскелең ұрпаққа үш тілділікті дәріптеу басты мақсат. Балалардың арман аралы – «Балдәурен» бұл мақсатты орындауға барынша ат салысады. Еліміздің ертеңін көтерер ұрпағымыз жаһандандық даму заманында биіктерден көрінеді деген сенімдеміз.

 Гульшат ТАЛАСБАЕВА,
Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығының 
география пәні мұғалімі,
Алматы облысының Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий