Ұстазы мықтының, ұстанымы биік

Біздің білім ордасының шебер ұстазы Оспанова Ақбота Ахметжанқызының жыр додаларына дайындап жүрген 8 – сыныптың дарынды оқушысы Аяулым Талеттi жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 толуына орай “Жүз жасаған Жамбыл” тақырыбымен Open Air жобасы аясында ұйымдастырылған тамаша ic- шараға қатысып, үздіктер шоғырынан көрінді.

Ұйымдастырушылардан берiлген Алғыс хат пен бағалы сыйлық озық шәкірттке тамаша қолдау болыцп, шабытын қанаттандырды. “Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты” деген сеніммен жас дарын мен тамаша ұстаздан нақты жемicтi, жеңicтi нәтижелер күтеміз! Сәттiлiк серiктерi болсын! “Алматы” телеарнасы түсiрген бағдарламадан шәкіртімiздi тамашалау, мектеп мерейiн асқақтата түсетiнi баршамыз үшін қуаныш!  

Назира Алмахановна ЖАҚЫПБЕКОВА,
№152 мектеп – гимназиясы директорының
оқу – әдiстемелiк жұмыстар жөніндегі
орынбасары
Кулянда Кожахановна МАЛДЫБАЕВ,
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
жетекшісі, Алматы
қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий