Мақтауға лайық ұлтжанды ұстаз

Біздің білім ордасының мұғалімдері әрқашан көшбасшы, алғы шепте жүретін нағыз, тамаша ұстаздар! Әрiптесiмiз, өз ici мен сөзiне тұрақты, жауапкершілігі мен адамгершілігі, iзетi мен қайырымдылығы жоғары, патриоттық рухы күшті алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Талғарбеков Қуаныш Болатұлы әрiптестерi мен оқушылар алдында беделі жоғары маман.

Қуаныш Болатұлы тамыз – қыркүйек айларында “Әскери мiндеттiлер жиынында” болып, Отан алдындағы Конституциялық мiндетiн өте үлкен жауапкершілік, үздік тәртіп, жауынгерлік рухымен атқарып, өзгелерге үлгі бола бiлдi! Тамаша табиғи мықты болмысы ұстаздық жүрек, жауынгерлік батылдықпен астасқан Қуаныштың атына берілген мадақ барша мектеп-гимназия ұжымы үшін үлкен мақтаныш!

Өз еңбегімен мектеп – гимназия ұжымында құрметтете бiлген әрiптесiмiздiң әр берекелi iciне сәттілік тілей отырып, қазақстандық патриоттық рухта тарбиеленетiн жастарымыздың қатарын толықтырудағы орасан iciне алғысымызды бiлдiремiз! Марапаттарың құтты болсын! Қуаныш Болатұлы, мақтауға лайық нағыз өз елінің патриот азаматы!

Назира ЖАҚЫПБЕКОВА,
№152 мектеп – гимназияның директорының
орынбасары, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий