Екі ел оқушылары арасындағы онлайн кездесу

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11-ші сынып оқушылары мен AYB School (Армения, Ереван) серіктес мектептің оқушылары арасында бірлескен сабақ ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған саабақтың мақсаты:  AYB School серіктес мектебінің мұғалімдер мен оқушылар қауымдастығына ​«Мәңгілік ел» құндылықтарын, яғни, «Казақстанның Тәуелсіздігі», «Қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісім» ұғымдарын насихаттау. Сабаққа Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Төтенше Өкілі және Өкілетті министрі, Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша Сенімді өкілі Артур Перчевич Манасерян мырза;  «Айб» білім беру қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы, «Айб school» мектебінің бұрынғы директоры, Universal University білім беруді басқару курсының кураторы, гуманды педагогика мұғалімі Арам Бенгурович Пахчанян мырза қатысты.

NIS оқушылары Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі мен бастамалары жайлы айтып берді. «Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір-адам» атты бейнероликті тамашалағаннан кейін, оқушылар «Айб» білім беру қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арам Пахчанян мырзамен сұхбаттасты. Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қандай баға бересіз? Біздің NIS-пен таныстығымыз Кембридж университетіндегі достарымыздың арқасында болды. Олар NIS мектептерін білім берудің заманауи ұйымы ретінде ұсынды.

Ал Назарбаев Зияткерлік мектептерін ашу идеясына келетін болсақ, бұл Қазақстан үшін үлкен жетістіктердің бірі болды. Бүгінгі күнде біз, NIS мектептері желісінің болуы – білім саласының дамуы, тәжірибе алмасу, сабақ оқыту әдістемелігі жағынан елдегі білі беру саласының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Бұл шешім жан-жақты қарастырылған, және тек білім саласын ғана емес,  кадрлық резерв дайындауда Қазақстанның экономикасының дамуына да оң әсерін тигізді.

Мектеп оқушылары екі елдің білім беру жүйесі, пандемияның білім алуға әсері, карантин кезіндегі онлайн оқудың ерекшеліктері туралы еркін әңгімелесті. Сабақ соңында оқушылар мен мұғалімдер бір-бірін Тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтады. Айта кетейік, Армения да өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын 2021 жылғы 21-ші қыркүйекте атап өтпек.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий