Жолдау – 2021: Президент ұстанымдары ел дамуының алғышарты

Қоңыр күз келіп, «Білім күні» мерекесін атап өтіп, мектеппен қауышып жатқан сәтте биылғы жылы елімізде елеулі оқиға орын алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жариялады. Жыл сайын халықтың асыға күтетін Жолдауы бұл жолы ерекше күнмен тұспа-тұс келуі көңіл қуантады. Білім күнінде алдағы уақытта еліміздегі білім саласына көптеп назар аударылып, жаңадан тың дүниелер атқарылатыны туралы хабардар етті.

Тек бізді ғана емес әлем халқын алаңдатқан пандемияның алдын алу жолдарын, еліміздің әлеуметтік жағдайын, ел тұрғындарының табысының артатыны және елімізде басқа да көптеген бағыттардың дамуы туралы сөз қозғады. Біздің баса назарымызды аударған білім саласына енгізілетін өзгерістер болды. Жолдауда айтылғандай алдағы уақытта: мұғалімдер қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізілетін болады; біліктілікті арттыру мақсатындағы курстар ұйымдастырылады; «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасы енгізіледі; елімізде білім ошақтарын, яғни мектеп салуды қолға алады; мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім толықтай дерлік тегін беріледі;

Мұндағы басты мақсат-жастарға сапалы білім беріп, болашаққа нық сеніммен қадам бастырып, солар арқылы елімізді көркейту. Осылардың барлығы жастар үшін үлкен қолдау және таптырмас мүмкіндік деп білемін. Жолдауда айтылған іс-шаралар оң нәтижесін берер болса тек білім саласы ғана емес, еліміз жан-жақты дамып, өзге елдер қызыға қарайтын алдыңғы қатарлы, дамыған мемлекет боларымыз сөзсіз.

Данара Муратовна  ШОХАНОВА,
№6 мектеп-лицейі 
директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий