Ұстаз еңбегі әрқашан ерен

Біздің білім ордасындағы шәкірттер мен ұстаздар қауымы тәжірибелі педагогтардың жетістігімен мақтанады! Ұстаз еңбегі әрқашан ерен! Мектеп – гимназияның әрбір оқу – тәрбие үдерісінде жақсы натижеге жетуі үшін оқушыларды шыңдап, әріптестерiне тамаша қолдау жасайтын, ата- аналардың ерекше құрметтейтін ұстазы, орыс тiлi мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кафедра жетекшісі Гульбану Жубаеваның көп жылдық педагогикалық қызметiндегi еңбегі бағаланып, мектеп-гимназия, аудан, қалалық Бiлiм басқармаларының қолдауымен жаңа оқу жылы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетовтың ұстаздарды құрметтеудегi ерекше ықыласына бөленген әріптесiмiз Гульбану Кызылбаевнаның болашақ жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз! Мектеп – гимназия мерейiн асқақтатуда қосар ұлан- асыр еңбегіңіз жемісті болсын!

Назира Алмахановна ЖАҚЫПБЕКОВА,
Назгуль Нуракыновна МУКАНОВА,

№152 мектеп – гимназиясы директорының
оқу – әдiстемелiк жұмыстар жөніндегі
орынбасарлары, Алматы 
қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий