Мектептің жаңашыл ғылыми және әдістемелік жұмысын ұйымдастырудағы мектепішілік менеджмент
Еліміздің қарқынды дамуына педагогикалық қауымның алдына көптеген мақсаттар тұр. Ең басты талаптарының бірі – ұстаз өмір бойы оқып, жас ұрпақтың сұранысына сай білім беру. Бүгін оқу мекемелері жаңашылдыққа қызығушылықпен қарап, өздерінің бәсекеге дайын болуларын қамтиды. Мектеп қызметін тиімді атқару үшін өзіндік жұмыс жүйесі және осы үдерісті жүзеге асыра алатын педагогтар қажет. Көптеген жаңашыл өзгерістерді енгізу заманға сай ғылыми-әдістемелік саланы қамтуды талап етеді.
Осы талаптарға сай болу үшін басшылық тарапынан әр ұстаздың кәсіби дамуына, шығармашылыққа және жаңашылдыққа дайын болуына жүйелі жағдай жасалуы қажет. Ғылыми-әдістемелік жұмысты нәтижеге жеткізуге: тәжірибені зерттеу, талдау және технологияландыру; білім ғылыми-әдістемелік ғылыми-әдістемелік консалдингін құру; педагогтарды кәсіби өсіру және өздігінен дамыту; поликәсіптік бірлестіктер құру; жаңа педагогикалық тәжірибелерді жобалап, моделін құру; ұстаздардың кәсіби өсу ынталарын дамытуға жағдай жасалғаны дұрыс.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны технологиялық (ақпараттық-коммуникативтік технологиясын, қазіргі білім технологияларын үйреніп, қолдану), психологиялық (өзекті психологиялық концепцияларды зерттеу), мәдениеттанымдық (ұстаздың методологиялық, психологиялық, технологиялық, әдістемелік мәдениетін қалыптастыру) мәселелерді көздейді. Педагогикалық ұжымның диагностикалық картасын жасау үшін «Ұжымдағы психологиялық ахуал», «Білемін және қолымнан келеді» атты педагогтардың кәсіби көзқарасын зерттейтін тесттер, «Педагогтардың кәсіби құзырлылығы» атты диагностикалық сауалнама, ұстаздың жұмысындағы қиындықтарын зерттеу, жаңашылдықты қолдануға ұстаздың кәсіби дайындығын зерделеу және тағы да басқа диагностикалық тәсілдер қолданылады.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұстаздарды үш деңгейге бөлдік: төменгі (интуициялық); орташа (ізденушілік); биік (шеберлік). Педагогикалық шеберлік деңгейіне сәйкес ұстаздар әдістеме топтарына бөлініп, жеке әдістеме нұсқалар жасалынды. Жас мамандар және деңгейі төмен ұстаздар теориялық, тәжірибелік білімдерін меңгеру үшін «Жас ұстаз мектебі» жұмысы ұйымдастырылды. Әдістеме жұмысында төмендегі формалар пайдалынады: бірінші кезеңде лекция, ғылыми-теориялық конференциялар; теориялық және проблемалық семинарлар, әдебиетке шолу, педагогикалық білім аукционы; екінші кезеңде – әдістемелік консультация, озық тәжірибеге шолу, психологиялық-педагогикалық семинар, психологиялық тренингтер, ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарлар; үшінші кезеңде – практикум, шығармашылық есеп беру, мастер-класстар, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар, «дөңгелек үстел»; төртінші кезеңде – бүкіл ұстаздар диагностика мәселелері, педкеңестерге дайындалу, озық тәжірибелік фестивальдарға белсенді қатысуы.
Ғылыми-әдістемелік жұмысқа белсенді қатысып, кәсіби дамуы тиімді болуы үшін марапаттау және ынталандыру жолдарын: өзіндік жұмыс істеп, шығармашыл педагогикалық қызметті жүзеге асыруды ынталандыру үшін авторлық бағдарламалар жасауға, оны регион деңгейінде танытып, таратуға көмек көрсету; жеке дамуына, жаңа ақпарат алуға ынталандыру үшін курсқа, тәжірибе алуға жіберу, әдістеме жұмыспен шұғылдануға уақыт бөліп беру; әлеуметтік жетістікке ынталандыру үшін баяндама оқуға және тәжірибе алмасуға әр түрлі семинарлар мен конференцияларға жіберу, баспаларға мақала дайындауға көмек көрсету, мектепішілік әдістеме жұмысын басқаруға тарту, әріптестеріне семинарлар, курстар өткізуге құқық беру; ұжымның қызметіне қатысуға ынталандыру үшін мектептің маңызды мәселерін шешетін түрлі органдарды тарту; тұрақтылық пен қорғалу екенін сезу үшін ұжымдағы орны кепілді болғанын білдіру; бәсекелестікке ынталандыру үшін марапаттауларға ұсыну, «Жыл мұғалімі» сыңайлы сайыстарға жолдама беру.
Қазіргі заманға сай ынталандыру (мотивация) беру жолдардың бірі – рейтинг жүйесі. Рейтинг талаптарына педагогтардың кәсіби шеберлігі, пәні бойынша өзінің және оқушыларының білім мен біліктілік деңгейі, психологиялық ортаға бейімделу, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу, кәсіби дамуының динамикасы, озық тәжірибесін тарату және тағы да басқа критерийлер кіреді. Әдістеме жұмысының ең тиімді басқару әдісінің бірі – талдау және жоспарлау.Мектептегі әдістеме-ғылыми жұмысы жетістігінің көрсеткіші – білім беру үдерісінің деңгейі.
Оның критерийлері ретінде: оқушылардың осы мектепте оқып жатқанына қанағаттануы; оқушылардың мектепке берген жоғары бағалаулары; педагогтардың кәсіби беделдерінің биіктігі; педагогтар мен оқушылардың тіл табысу деңгейі; ата-аналардың мектепке деген сыйлаушылығы; ата-аналардың, оқушылардың, мектеп түлектерінің көмек көрсетуге әрдайым дайын болулары; педагогтар мен оқушылардың шығармашылыққа бейімді болуы; мектептің сүйікті ұстазы болу үшін ұстаздардың кәсіби шыңға жетуді мақсаттау; жекелеп және деңгейлеп оқытудың мүмкіндіктерін қолдана білу; сабақтағы және сабақтан тыс, сыныптық және сыныптан тыс қызметтерді байланыстыра білу; педагогтың қазіргі уақыттың түрлі білім беру әдістерін тұрақты қолдана білуі болып табылады.
Бүгінгі күні мектеп ұжымының атқарып жатқан ғылыми-әдістемелік жұмысы тереңінен білім сапасын арттыруға ықпалын көрсетуде. Cондықтан алдымызға қойған бағытымыз дұрыс деп санаймын.
Зауре САДЫҚОВА,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№48 мектеп-лицейінің директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы