Білім жетілдіру: Кәсіби байқаулардың тиімділігі

Бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді, білікті ұстаз. Ол ұстаз әрдайым өз білімін жетілдіріп, кәсіби дамуын қадағалап отырады. Білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістер педагогтің өзі өзгергенде, оның педагогикалық әлеуеті мен шеберлігі өскенде, қазақстандық педагогикалық сана кеңейтілген кезде ғана болатындығын атап өткен жөн. Педагогикалық сананың құрылымдылығы, кәсіби «мен» тұжырымының болуы педагогтерді өзінің әлеуметтік маңызды міндеттерін орындауға дайындығының болуын анықтайды.

????????????????????????????????????

Кәсіби өсуге бағытталған педагогтер педагогикалық шеберлікті арттыру және өз жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында көпшілікке өзін танытуға талпынады. Кәсіби педагогикалық байқауларды, олимпиадаларды және тағы да басқа шараларды өткізу, қазақстандық білім беру жүйесін тиімді дамыту, тәжірибеде балаларға жаңа қызықты білім беру әдістерін кеңінен енгізуге ықпал етеді. Бұл дәстүрлерді сақтап, дамыту үшін ертеңгі күннің перспективасын анықтайтын, ол үшін нақты іс және нәтижесімен талпынатын бастамашыл педагогтерді, новаторларды қолдау өте маңызды.

Қазіргі кездегі «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамы мен оның филиалдары тарапынан жүргізіліп отырған жұмыс толықтай осы міндеттерді шешуге бағытталған, яғни қазіргі білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіптік мәдениетін көтеру, кәсіби деңгейде жұмыс жасауға баулу-білім беру ұйымдары мен біліктілік арттыру институттары алдындағы басты міндет болып табылады. Біздің институттың жоспары аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Зияткер» Республикалық қашықтық олимпиадасы жоспарланып өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: педагогтердің курстан кейінгі қамтамасыз етуде бейресми және ақпараттық білім беруді дамыту. Кәсібилікке, табыстылық пен нәтижелілікке ұмтылған мұғалімдер үшін кез-келген кәсіби байқау, сайыстар маңызды. Республикалық қашықтан олимпиада жаңартылған бағдарлама мазмұнына байланысты теориялық сұрақтарды, психология және әдістемеге қатысты тапсырмаларды ғана емес, логикалық ойлауы мен функционалдық сауаттылығын дамытатын тәжірибелік және логикалық тапсырмаларды қамтыды. 

Республиканың білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың 1412 бастауыш сынып мұғалімдері интернет-олимпиаданың қатысушысы болды. 628 педагог тапсырмаларды мемлекеттік тілде, 784 педагог орыс тілінде орындады. Өз метапәндік білімдерін еліміз бойынша: Нұр-Сұлтан қаласынан –8, Алматы қаласынан –4, Алматы облысы – 4, Ақтөбе облысы –10 , Атырау облысы –22, Шығыс Қазақстан облысы –17, Батыс Қазақстан облысы – 21, Солтүстік Қазақстан облысы – 863, Жамбыл облысы –4, Қарағанды облысы –15, Қостанай облысы –6, Павлодар облысы – 3, Ақмола облысы –46, Қызылорда облысы – 9, Түркістан облысынант380 педагог көрсете алды.

Адамдар әрдайым әлемді түрлендіруге талпынады. Сондықтан, педагогтердің өз білімдерін шыңдап, жетілдіріп, түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысуы педагогтер үшін кәсіби шеберлік мектебі, шығармашылық педагогикалық тәжірибе зертханасы болып табылады. Сол себепті курсаралық кезеңде педагогтерді қолдау, әдістемелік сүйемелдеу мақсатында аталмыш байқау филиалда жыл сайын жоспарланып өткізілуде.

Педагог өз жұмысын, өзінің нәтижелерін талдай отырып, педагогикалық жетістіктерін жалпылай және жүйелеп, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін көре білуі керек, сонымен қатар одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысуы қажет. Өз-өзімізді кәсіби дамыту да, тәрбиелеп жетілдіру де өз қолымызда. Алдымызда қол жеткізетін – мақсат, іске асыра алатын – мүмкіндік те, жағдай да бар. Болашақта жұмыстарды жүйелі, дұрыс жолға қойып, биік шыңдардан көрініп, жетістіктерге жеткізетін педагогтеріміз көбейе берсін. Олимпиадаға қатысқан, жеңіске жеткен әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз.

Ақмарал ИЛЬЯСОВА,
“Өрлеу” БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ”
жаратылыстану және гуманитарлық
әдістемелері кафедрасының аға
оқытушысы, Петропавл қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий